Өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау және жазғы демалыс уақытын мазмұнды ұйымдастыру — мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағдарламалық сөздерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Себебі, балалық шақтың қаншалықты жарқын әрі мағыналы өтуі — болашақта ел тізгінін ұстар саналы азаматтардың қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Мектеп қабырғасындағы тоғыз айлық оқу марафонынан кейін келетін жаз мезгілі — балалар үшін күш-қуат жинайтын, дүниетанымын кеңейтетін және жаңа достар табатын ерекше кезең. Осы орайда, Арыс қалалық білім бөлімі оқушылардың жазғы демалысын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыстарды қолға алып отыр.
Жаздың ең қызған шағында, яғни 2026 жылғы 29 маусымда Арыс қаласының бір топ мектеп оқушылары жазғы демалыстарын мазмұнды әрі ұмытылмас сезімдерге толы өткізу мақсатында Кентау қаласына қарасты табиғаты көркем Қарнақ ауылында орналасқан «Үркер» жазғы сауықтыру лагеріне қарай жол тартты. Лагерьдің көптен күткен ІІІ маусымына қала мектептерінен жалпы саны 209 оқушы жолдама алып, ерекше көтеріңкі көңіл күймен, шаттыққа толы сапарға аттанды.
Арыс қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан бұл сапардың негізгі мақсаты — балалардың жазғы уақытын тиімді үйлестіру, олардың денсаулығын шыңдап, әлеуметтік-тұлғалық дағдыларын дамыту және табиғат аясында сапалы тынығуына жағдай жасау болып табылады. Лагерь маусымы аясында ұйымдастырушылар мен педагогтар алдына ең алдымен денсаулықты нығайту және сергіту, яғни таза ауада, табиғат аясында балалардың белсенді қозғалысын ұйымдастыру арқылы физикалық саулығын жақсарту, иммунитетін көтеру.
Әлеуметтену және достық көпірі аясында, әртүрлі мектептерден келген оқушылардың өзара тез тіл табысып, достық қарым-қатынас орнатуына, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруына ықпал ету.
Сонымен қатар, шығармашылық пен зияткерлікті дамыту мақсатында балалардың бойындағы жасырын таланттарды анықтау, оларды өнерге, ғылымға және логикалық ойлауға баулитын үйірмелерді жүйелі өткізу.
Сондай-ақ, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және демалыс барысында балалардың техникалық, гигиеналық және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатал сақтауын қамтамасыз ету, оларды ортақ тәртіпке баулу. мынадай маңызды міндеттер қойылды.
Кентау өңірінің тарихи әрі табиғаты ғажайып Қарнақ ауылында орналасқан «Үркер» жазғы сауықтыру лагері — өзінің көпжылдық тәжірибесімен, білікті педагогтар құрамымен және балаларға арналған жайлы инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Лагерьге негізінен 3–10 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қабылданады. Бұл жас ерекшелігі балалардың бір-біріне қамқор болуына, үлкендердің кішілерге үлгі көрсетуіне зор мүмкіндік береді.
Лагерьдегі әрбір маусым нақты 10 күнге созылады. Бұл аз уақыт сияқты көрінгенімен, ішкі бағдарламаның тығыздығы мен қызықтылығы арқасында балалар үшін тұтас бір мағыналы өмір кезеңіне айналады. Осы 10 күн ішінде оқушыларды жалықтырмайтын, олардың үнемі ізденісте болуын қамтамасыз ететін бес негізгі бағыт бойынша шаралар кешені дайындалған.
Атап айтқанда, таңғы бой жазу жаттығуларынан бастап, футбол, волейбол, үстел теннисі және шахматтан топтық турнирлер ұйымдастырылған. Сондай-ақ, лагерь аумағындағы хауізде жүзу сабақтары өткізіліп, балалардың шымыр да епті болып өсуіне жағдай жасалынған.
Шығармашылық және мәдени байқаулар ұйымдастырылып, соның ішінде «Екі жұлдыз», «Жас дарындар» атты ән-би байқаулары, театрландырылған қойылымдар мен сурет салу жарыстары балалардың өнерге деген махаббатын оятумен қатар, әрбір бала өзін сахнада еркін ұстауды, сахна мәдениетін сақтауды үйренеді.
Сонымен қатар, зияткерлік және анымдық ойындар ойнатылып, «Білгірлер бәйгесі», дебаттық турнирлер мен логикалық квесттер оқушылардың мектепте алған білімдерін практикада қолдануға, сыни ойлау қабілеттерін шыңдауға бағытталған.
Табиғат аясына саяхат Қарнақ ауылының тарихи орындары мен табиғи ландшафтына экскурсиялар ұйымдастырылып, балаларға туған өлкенің тарихы мен экологиялық мәдениеті түсіндіріледі.
Жалпы, «Салауатты сана» — Балаларды жат қылықтардан қорғаудың басты тетігі демекші, бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған үлкен мәселелердің бірі — балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының жүйесіз өтуі салдарынан виртуалды әлемге, әлеуметтік желілерге, интернет-ойындарға, лудоманияға тәуелді болып қалуы алаңдатып отырғаны ащы да болса шындық. Мемлекет басшысы ұсынған «Салауатты сана» тұжырымдамасы дәл осы мәселемен күресудің ең тиімді жолы — баланың қоршаған ортасын қызықты, жанды және пайдалы істермен толтыру екенін көрсетеді.
Жазғы сауықтыру лагері — цифрлық тәуелділіктен, экран құлдығынан арылудың ең таптырмас орны. Лагерь аумағында балалар телефондар мен гаджеттерді ұзақ уақыт пайдаланудан шектеледі. Оның орнына олар шынайы өмірде араласады, жасыл шөптің үстінде жүгіреді, бірге ән айтады, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін бір-біріне жанкүйер болады.
Бұл процесс баланың психологиялық тұрғыдан демалуына, жүйке жүйесінің тынығуына зор ықпал етеді. Шынайы достық, ұжымдық рух және еңбекке баулу, «жасыл ел» бағыттары баланың бойында жауапкершілік сезімін оятып, оны жат қылықтардан, ашушаңдықтан мен оқшауланудан қорғайтын мықты рухани вакцина болып табылады. Санасы салауатты, демалысын мағыналы өткізген бала жаңа оқу жылына да ерекше құлшыныспен, жоғары мотивациямен аяқ басады.
Осы ретте, Арыс қалалық білім бөлімінің жұмыс алгоритмі мен балалар қауіпсіздігін сақтаудың алдын алуда атқарып отырған келелі жұмыстарының нәтижесінде, яғни оқушылардың лагерьге баруы, демалуы және қайту кезеңдеріндегі жауапкершілігі мен сапалы қызмет алуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды өте қатал бақылауда ұстап отыр. Сондықтан да 209 оқушының сапарға аттануы мен олардың лагерьдегі тыныс-тіршілігі арнайы әзірленген төрт кезеңдік жоспар бойынша жүзеге асырылуда.
Мәселен, бірінші қадам — дайындық және медициналық іріктеу барысында лагерьге баратын 3–10 сынып оқушыларының тізімін жасақтау, олардың толық медициналық тексеруден өтуін қадағалау. Әрбір баланың денсаулық паспорты бақылауға алынды.
Екінші қадам — транспорттық логистика және қауіпсіздік аясында оқушыларды Арыс қаласынан Кентау қаласына дейін арнайы жайлы автобустармен тасымалдау ұйымдастырылды. Жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автобустар колоннасын жол полициясының (ЖПҚ) арнайы машиналары бастап жүрді және әр көлікте білікті педагогтар мен медицина мамандары бекітілді.
Үшінші қадам — лагерьдегі мониторинг бойынша «Үркер» лагеріне орналасқан сәттен бастап балалардың жатын орындарының жайлылығы, күніне 5 мезгіл берілетін калориясы жоғары сапалы тағамдардың әзірленуі және санитарлық талаптардың сақталуы білім бөлімінің тікелей қадағалауында болады.
Ал, төртінші қадам — кері байланыс және есептілік бағытында әрбір маусымның аяқталуы бойынша ата-аналардан сұраунамалар алу, балалардың алған әсерлерін сараптау және келесі маусымдарды одан да сапалы ұйымдастыру үшін әдістемелік талдау жасау.
Балалардың уақытын тиімді пайдалану және оларды тәртіпке баулу мақсатында «Үркер» лагерінде әскери-спорттық нақыштағы және педагогикалық талаптарға сай нақты күн тәртібі бекітілген.
Арыс қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, балалардың демалысын ұйымдастыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде өз жалғасын таба береді. Лагерьге аттанған 209 оқушының әрқайсысы — біздің қаламыздың үміті мен мақтанышы. Олардың арасында оқу екпінділері, спорт жарыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ ерекше қолдауды қажет ететін отбасылардың балалары бар. Мұндай әлеуметтік теңдік пен қамқорлық лагерь ішіндегі бауырмалдықты арттыра түседі.
Жазғы лагерь — балалардың табиғат аясында тынығып, сергіп, шығармашылық әлеуетін арттырып, белсенді демалуына берілген зор мүмкіндік. Осындай достық пен ізгілік ортасында өткен әрбір күн олардың жан-жақты дамуына және өмір бойы ұмытылмас жарқын әсер алуына үлкен ықпал етеді. Лагерьден оралғанда бұл балалар тек демалып қана қоймай, бойларына рухани байлық, темірдей тәртіп және жаңа идеялар жинап келеді.
Арыс қалалық білім бөлімі мен ұстаздар қауымы атынан біз де жас жеткіншектерімізге көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсер, жаңа достар мен қызықты сәттерге толы есте қаларлық тамаша демалыс тілейміз, «Үркер» лагерінің аспаны әрдайым ашық, ал балалардың күлкісі мен шаттық үні ешқашан толастамасын дей келе, жаз мезгілінің әр күні біздің балаларымызға тек қуаныш, бақыт және шаттық сыйлап, сапарларың сәтті болсын, жас өрендер!

