Тіл — мемлекеттің тұғыры, бірліктің кепілі десек, әлем картасында өзіндік орны бар әрбір егемен мемлекеттің басты құндылықтары мен Тәуелсіздік нышандары болады. Олар — Көк Ту, Елтаңба, Әнұран және Мемлекеттік тіл. Тіл — ұлттың жаны, халықтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани қазынасы, мәдениеті мен ділінің айнасы. Қазақстан секілді жүзден астам ұлт пен ұлыс бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатқан көпэтносты мемлекетте мемлекеттік тілдің рөлі ерекше. Ол — тек қазақ халқының ғана емес, елімізді мекендейтін барша азаматтарды бір шаңырақ астына біріктіруші, қоғамдық келісімді нығайтушы басты құрал.
Бүгінгі таңда елімізде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, оның ішінде өзге этнос өкілдерінің ана тілімізді еркін меңгеруіне жағдай жасау бағытында маңызды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осындай игі мақсатты арқау еткен айтулы шара киелі Қазығұрт топырағында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты аудандық байқаудың іріктеу кезеңі болып өтті. Бұл шара қоғамда үлкен серпіліс туғызып, мемлекеттік тілдің мәртебесін тағы бір биікке көтерді. Байқаудың мақсаты мен идеологиялық маңыздылығы және жарыстың негізгі концепциясы — тек тіл білімін сынау ғана емес, мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәртебесін жаңа деңгейге көтеру және оны заманауи трендтермен ұштастыру болды.
Ұйымдастырушылар алға қойған негізгі міндеттері, ең алдымен мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттыру, жергілікті этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруге, оны күнделікті қарым-қатынаста қолдануға деген қызығушылығын жан-жақты қолдау, ауданда берік әрі тұрақты тілдік орта қалыптастыру және қазақ тілін күнделікті өмірде, тұрмыста және кәсіби ортада кеңінен қолдануға ынталандыру.
Сондықтан болар, бұл байқаудың тәрбиелік және саяси мәні өте зор. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, оның болашағына алаңдауы, тілді дамытудың жаңа әдістерін ұсынуы — еліміздегі берік достық пен бірліктің, «Біртұтас ұлт» идеясының іс жүзіндегі айқын көрінісі екені айқын.
Байқаудың кезеңдеріндегі инновация мен тиімді әдістемелер тоғысы заман талабына сай, биылғы байқау бұрынғы дәстүрлі форматтардан өзгерек, өте жоғары шығармашылық және технологиялық деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылардың қабілетін жан-жақты бағалау үшін жарыс екі негізгі кезеңнен тұрды.
Атап айтқанда, 1-кезең: «Үздік контент» — технология мен тіл үйлесімін ұштастыра отырып, қазіргі ақпараттық қоғамда мемлекеттік тілдің интернет кеңістігіндегі үлесін арттыру — өзекті мәселе екені шындық. Осыны ескерген ұйымдастырушылар бірінші кезеңді заманауи медиа бағытына арнады. Қатысушыларға қойылған басты талап — жасанды интеллект (AI) құралдарын пайдалана отырып, сапалы, мазмұнды әрі креативті аудиовизуалды өнім (видеороликтер, подкастар, анимациялар) әзірлеу болды.
Бұл кезеңде этнос өкілдері өздерінің ІТ-сауаттылығы мен шығармашылық қиялын ұштастыра білді. Олар мемлекеттік тілдің маңызын насихаттайтын, жастарды тіл үйренуге шақыратын трендтегі заманауи жұмыстарын таныстырды. Жасанды интеллект көмегімен дауыс өңдеу, бейнеқатарлар құру және қазақша мәтіндерді анимациялау арқылы қатысушылар тілдің көркемдігін жаңа қырынан аша білді.
Ал, 2-кезең: «Қазақ тілін үйренудегі тиімді әдістер» — жобалар қорғауы, яғни тілді тек насихаттап қана қоймай, оны үйретудің оңай әрі тиімді жолдарын табу маңызды. Екінші кезеңде қатысушылар қазақ тілін тез әрі сапалы меңгеруге арналған өздерінің авторлық әдістемелерін, нақты жобаларын ортаға салды.
Қатысушылар өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісіп, тіл үйренудегі қиындықтарды қалай жеңуге болатынын көрсетті. Олардың арасында мобильді қосымшалар арқылы тіл үйрету, сөйлесу клубтарының жұмысын жандандыру, күнделікті өмірде және кәсіби ортада (қызмет көрсету саласында, құжаттамада) қазақ тілінің қолданысын арттыруға бағытталған нақты, өміршең жобалар таныстырылды. Бұл кезең қатысушылардың тек тілді біліп қана қоймай, оны қоғамға сіңіруге деген үлкен интеллектуалдық ізденісін айқындады.
Аудандық іріктеу кезеңінде өзінің ерекше білімімен, шешендік өнерімен және заманауи жобаларымен көзге түсіп, Қазығұрт ауданының намысын жоғары деңгейде қорғап жүрген қатысушы — Толаганова Назокат. Назокат байқау барысында мемлекеттік тілдің ұлт бірлігін нығайтудағы маңызды рөлін жан-жақты ашып көрсетіп, қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Оның мемлекеттік тілге деген құрметі, ізденімпаздығы мен еңбекқорлығы бүкіл аудан жастарына, соның ішінде өзге этнос өкілдеріне үлкен үлгі-өнеге.
Ауданымыздың намысын қорғап, байқауға қатысып жатқан Толаганова Назокатқа алдағы жауапты кезеңдерде зор сәттілік тілейміз! Біліміңіз бен біліктілігіңіз сыналар осынау жауапты додада өзіңізді ең жоғары деңгейде көрсетіп, мол жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, биік белестерді бағындырып, Қазығұрт ауданының абыройын халықаралық және республикалық ареналарда асқақтата беретіні сөзсіз. Аудан жұртшылығы да Назокатпен мақтанады және әрдайым қолдап отырады.
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауы тек жеңімпаздарды анықтайтын бәйге емес. Бұл — ауданымыздағы ұлтаралық татулықты, өзара құрмет пен мәдени интеграцияны көрсететін үлкен идеологиялық форум. Байқау барысында әр түрлі этнос өкілдері сахна төріден қазақтың қара өлеңін оқып, ұлттық құндылықтарды дәріптегенде, залдағы көрермендер шынайы бірлік пен ынтымақты сезінді. Сондықтан да, мұндай тағылымды шаралар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын мейлінше кеңейтуге, этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруге деген ішкі ынтасы мен уәжін арттыруға тікелей ықпал етеді. Тілді мәжбүрлеп емес, осындай қызықты, заманауи байқаулар мен жобалар арқылы үйрету қоғамдағы өзара түсіністікті нығайта түсетіні сөзсіз.
Қазығұрт ауданында «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» ұйымдастыруымен өткен бұл аудандық байқаудың іріктеуі сәтті аяқталды. Ол бізге заман ағымына сай қазақ тілінің де цифрланып, жасанды интеллект тіліне айналып жатқанын, оған өзге ұлт өкілдерінің қосқан үлесі орасан зор екенін көрсетті.
Сөз соңын сараптай келе, мемлекеттік тілді құрметтеу — ортақ Отанымыз Қазақстанды құрметтеу. Осындай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға өз үлесін қоса бермек. Тіліміз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деген ниетпен, намыс додасында аудан абыройын арқалаған Толаганова Назокат сынды жастарымыздың жолы ашық болып, жеңіс тұғырынан көріне берсін дейміз.

