Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі қарсаңында «Ой шебері» облыстық зияткерлік ойынының финалистерімен кездестім.
Ойы ұшқыр, танымы терең, көкірегі ояу жастарды біріктіретін бірегей жоба биыл екінші маусымын өткізіп отыр.
Білімді ұрпақ – елдің ең үлкен байлығы. Қазба байлық та, технология да, өркендеу де түптеп келгенде білімге сүйенеді.
Аталған ойын арқылы мектеп оқушылары қазақ әдебиетінің асыл қазыналарымен сусындап, ұлттық болмыс пен елдік рухты терең түсіне алғанына сенімдімін. Оны бүгінгі кездесуге қатысқан балалардың білімге құштарлығы мен кітапқа деген ықыласынан аңғаруға болады.
2025 жылы 10 мыңға жуық бала 160-тан астам көркем шығарманы оқып шықты. Биыл 378 команда кітаптың тереңіне үңіліп, кіл мықтылары ақтық мәреге жолдама алып отыр.
Жастар – елдің тірегі, болашақтың иесі екені анық. Күні кеше қабылданған, Тәуелсіздігімізді нығайтып, әділетті қоғам құруға бағытталған Ата заңымыздың өміршеңдігі өскелең ұрпақтың қолында.
Оқыған адам озады. Ізденген адам өседі. Жалпы, кітапқұмар балаларға ізденуден ешқашан шаршамай, кітаптан қол үзбеуді, елге адал қызмет ету әрқашан бірінші орында тұруы тиіс екенін жеткіздім.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу. Бұл орайда «Ой шебері» зияткерлік ойыны балаларды шыңдайды, ізденіске жетелейді, тұлға болып қалыптасуына жол ашады.
Біз терең білімді адал еңбекпен ұштастыра алатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуді басты басымдық ретінде белгілеп, жүйелі жұмыстарды жалғастыра береміз.
Ұлағатты ұл-қыздарымыз көп болсын!
В преддверии праздника Наурыз встретился с финалистами областной интеллектуальной игры «Ой шебері».
Этот проект, объединяющий талантливых и стремящихся к знаниям школьников, проводится уже второй год и с каждым разом привлекает всё больше участников.
В этом году в конкурсе приняли участие 378 команд, и сильнейшие из них вышли в финал. Около 10 тысяч школьников прочитали более 160 художественных произведений.
Участие в игре дало школьникам возможность по-новому открыть для себя казахскую литературу, осмыслить национальные ценности и глубже почувствовать дух нашего народа.
Сегодня особенно важно понимать: главное богатство страны — это образованная молодёжь. Именно знания становятся основой развития экономики, технологий и общества в целом.
Как подчеркнул Глава государства Касым-Жомарт Токаев: «Если мы хотим построить передовое государство, то в первую очередь мы должны стать читающей страной».
Интеллектуальная игра «Ой шебері» вносит вклад в формирование культуры чтения у подрастающего поколения.
На встрече мы говорили о том, что важно не останавливаться на достигнутом, постоянно развиваться, сохранять интерес к чтению.
Государство будет и дальше создавать возможности для развития конкурентоспособной молодёжи, способной применять полученные знания на практике и честно трудиться.

