Биылғы оқу жылы Шымкент қаласында 1481 білім беру мекемесінде 482 мыңнан астам білім алушымен басталған. Соның ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының саны 277, жекеменшік мекемелер саны 1204-ті құрайды.
Мемлекеттік ұйымдарда 291 420 бала, ал жекеменшік секторда 190 749 бала білім алып жатыр. Былтырмен салыстырғанда білім беру ұйымдарының саны 205-ке, ал, білім алушылар саны сегіз мыңға артқан.
Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдар саны
646-ға жетіп, бұларда 76 620 бала тәрбиеленіп жатыр.
Биыл қала оқушылары республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда 227 жүлделі орын алып, соның ішінде 45 бірінші, 62 екінші және 120 үшінші орынға қол жеткізген.

