Баланың тағдыры – елдің тағдыры. Әрбір жасөспірімнің, әсіресе ерекше назарды қажет ететін, мектепшілік және қалалық есепте тұратын оқушылардың қоғамнан өз орнын табуы – бүгінгі білім беру жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта Абай атындағы №31 жалпы білім беретін мектепте оқушыларға кәсіби бағдар беру, оларды жауапкершілікке тәрбиелеу және әскери-патриоттық рухын көтеру жұмыстары жүйелі жолға қойылған.
Мектеп әкімшілігі мен психологиялық қызмет мамандары әрбір оқушының әлеуетін ашып, олардың теріс әрекеттерден гөрі, пайдалы мамандық иесі болуына барынша жағдай жасауда. Жақында қаламыздағы Қ. Сәтбаев атындағы №12 жалпы орта мектеп базасында өткен «Отанды сүю — міндетің, Отанды қорғау — парызың!» атты кәсіби бағдар беру шарасы №31 мектеп оқушылары үшін үлкен мүмкіндік болды. Шараға еліміздегі беделді әскери оқу орындарының бірі — Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж өкілдері арнайы қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға мынадай маңызды мәліметтер берілді. Мысалы, әскери білімнің артықшылықтарына тоқталар болсақ, тегін білім алу, жатақхана және киім-кешекпен қамтамасыз етілу. Ал, түсу талаптары — физикалық дайындық, денсаулық жағдайы және ҰБТ/емтихан көрсеткіштерінің маңызы. Сонымен қатар, болашақ мүмкіндіктері — әскери колледжді бітіргеннен кейін офицерлік шен алу және жоғары әскери оқу орындарында білімді жалғастыру.
Мектепшілік және қалалық есепте тұратын жасөспірімдер үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Әскери тәртіп пен патриоттық тәрбие — жасөспірімді қалыптастырудың ең тиімді құралы. Мұндай кездесулердің оқушыларға әсері, оқушылар өздерінің күш-жігерін қай бағытқа жұмсау керектігін түсінеді. Әскери өмірдің қатал, бірақ әділ заңдары оқушыны жауапкершілікке баулиды. Құқықбұзушылыққа бейімділікті азайтып, ел қорғайтын азамат болуға ынталандырады. «Біздің мақсатымыз — әрбір баланы, тіпті қателескен баланы да дұрыс жолға бағыттау. Әскери колледж өкілдерімен кездесу оқушылардың бойындағы сенімсіздікті жойып, олардың болашаққа деген қызығушылығын оятты», — дейді мектеп мамандары.
Оқушылар кездесу барысында өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, әскери өмірдің қиындығы мен қызығы туралы тікелей мамандардан естіді. Мектеп тарапынан көрсетілетін мұндай жүйелі қолдау жасөспірімдердің тек мамандық таңдауына ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайдалы, парасатты тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
№31 Абай атындағы мектеп ұжымы бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырып, әрбір оқушының «бақытты және сәтті болашағы» үшін еңбек ете бермек.

