Түркістан қаласында №33 жалпы білім беретін келешек мектепте «Адал азамат – біртұтас тәрбие» жобасы аясында «Өнегелі 15 минут» атты игі бастама жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойында рухани байлықты, адамгершілікті, ұлттық құндылықтарды және өмірге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру – басты мақсатымыз. Осы бағытта мектебімізде «Адал азамат – біртұтас тәрбие» жобасы аясында «Өнегелі 15 минут» атты игі бастама жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты: – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік сияқты қасиеттерді қалыптастыру; – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру;
– оқушыларды өз пікірін ашық айтуға, өмірлік ұстанымын қалыптастыруға баулу.
Жобаның ерекшелігі: Әр оқу күні оқушылар үшін сабақ басталар алдында 15 минуттық өнегелі тәрбие сағаттары өткізіледі. Бұл уақытта сынып жетекшілері мен ұстаздар оқушылармен адами құндылықтар туралы сұхбат құрып, өмірден алынған мысалдармен бөліседі, тәрбиелік маңызы зор қысқа бейнероликтер көрсетеді, шағын пікірталастар мен ой қозғау сабақтарын өткізеді.
Осындай шағын, бірақ мазмұнды кездесулер балалардың бойында ізгілік ұрығын сеуіп, олардың өз-өзін тәрбиелеуге, дұрыс бағытта ой түюге септігін тигізеді. Оқушылардың пікірінше, «Өнегелі 15 минут» – тек әңгіме емес, өмір сабағы. Бұл уақыт оларға жақсы ой қалыптастыруға, бір-біріне қамқор болуға, жақсылық жасауға ынталандырады.
Тәрбиенің күші – өнегеде! «Адал азамат – елдің айнасы» дегендей, осындай жобалар арқылы біз саналы, парасатты, ұлтжанды, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеуге үлес қосып келеміз.
Бірге тәрбиелейік, бірге өсейік, бірге өркендейік! Осы ұстаным аясында «№33 жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып онкүндігі шеңберінде күн сайын «Өнегелі 15 минут» атты тағылымды іс-шара өткізілуде.
Өйткені, әр ата-ананың, әр әженің, әр әкенің жылы сөзі мен өмірлік тәжірибесі – бала санасына бағыт беретін, жүрегіне ізгілік ұялататын баға жетпес сабақ.
Мектептің бастауыш сынып мұғалімдері бұл игі істі ерекше ықыласпен ұйымдастырып, ата-аналарды мектеп өміріне белсене араластыру арқылы «Мектеп – Отбасы – Оқушы» арасындағы ынтымақтастықты нығайтып келеді. Мұндай өнегелі бастама баланың бойында жауапкершілік, сыйластық, рухани байлық секілді қасиеттерді қалыптастыруда зор рөл атқаруда.
Бастауыш – білімнің ғана емес, тұлғаның қалыптасу кезеңі. Ал өнегелі сөз бен үлгі – сол тұлғаның жүрегіне бағыт беретін жарық шам іспетті. Сондықтан осындай игі дәстүрлер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық тәрбиені күшейту – біздің басты мақсатымыз.

