Бүгін «Кітап сыйла» акциясы аясында Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жас психолог» үйірмесінің педагогі Туранова Мухаббат Түркістан қаласындағы Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Шара барысында оқушыларға кітап оқудың маңыздылығы, рухани дамуға әсері, ойлау қабілетін кеңейту және сөздік қорды байыту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған психологиялық жаттығулар орындалып, кітап арқылы өзін-өзі дамыту жолдары талқыланды.
«Жас психолог» үйірмесінің ұстазы – Мұхаббат Туранованың парасаттылыққа жетелейтін сөзі, Әл-Фараби мектебінің табалдырығында білім алып жүрген оқушылардың ой-көкжиегін кеңейтуге шақырды. Мұндай шараның маңыздылығы жас буынның бойына білім нәрін шашып қана қоймай, айналаны танып білуге, көптеген сауалдарға жауап алуға көмектесері, ізгілік пен шыдамдылыққа үйретері сөзсіз.
Үйірме жұмысының мақсаты, өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі дайындау, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру.
Тақырыпқа сай «Мені қоршаған орта» деген тренинг-ойындар жүргізілді. «Жас психолог» үйірмесінің отырысы амандасу тренингімен басталды. Тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, «өмір жаттығуын» орындады. «Менің балалық шағым», «Менің қазіргі шағым», «Мен болашақта өзімді қалай елестетемін?» тақырыбына өздерінің шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып, берілген түрлі түсті қағазды қиып, ақ парақа желім арқылы жабыстыру, сурет құрастыру арқылы 3 топқа бөлініп, өздеріне берілген тақырыптар бойынша плакат қорғады. «Оның есесіне мен…, мен саған сенемін, метафора арқылы сөйлеу» жаттығулары жүргізілді. Тренинг аяқталғаннан кейін студенттер ұстаздарын құттықтап, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Тәрбие мен адамның өз жан дүниесін, айналасын тануға баулитын, терең ойлау мен сөз көкжиегін кеңейтетін шара, мектеп оқушыларын қызықтырды. Алдағы уақытта да «Жас психолог» үйірмесінің педагогтары түрлі бағытта кездесулер ұйымдастыратын болып тарқасты.
Осындай іс-шаралар жиі өтіп отырғаны оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыруға, оқуға деген қызығушылығын оятуға және кітап сыйлаудың құндылығын түсіндіруге ықпал ететіні айқын.

