Қыс мезгілінің жақындауына байланысты, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында өрт және газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Түркістан қаласының күн тәртібіндегі ең өзекті мәселеге айналды. Түркістан қалалық газ инспекциясы қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытында кең көлемді профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұл жұмыстың мақсаты — әрбір тұрғынның үйіндегі жылыту жүйесінің сенімділігін арттыру және адами факторға байланысты болатын қайғылы оқиғалардың алдын алу.
Газ инспекциясының профилактикалық жұмыстарының басты бағыты — қаланың әлеуметтік осал топтағы тұрғындарының үйлерін толық тексеруден өткізу. Бұл топтағы үйлердің жылыту жүйелері, әдетте, ескірген немесе дұрыс пайдаланылмауы мүмкін. Қазіргі таңда қала бойынша 2405 үйді аралау жұмыстары толық аяқталып, 100 пайыз тексеруден өткен.
Аралау барысында мамандар әр үйге кіріп, тек қана техникалық ақауларды анықтап қана қоймай, тұрғындарға, газ және жылыту қондырғыларын пайдалану ережелерін және тұрмыстық қауіпсіздік талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірген.
Бұл кешенді жұмыс адамдардың немқұрайдылығынан туындайтын қауіпті азайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Техникалық қауіпсіздікті арттырудағы ең тиімді шаралардың бірі — газ және улы газ (көміртегі тотығы) сигнализаторларын орнату. Түркістан қалалық газ инспекциясы бұл жұмысты демеушілердің қолдауымен қарқынды жүргізуде. Жалпы, газ сигнализаторының маңызы, бұл құрылғылар газдың ауадағы шекті мөлшерінен асқан жағдайда дыбыстық дабыл беріп, тұрғындарды уақтылы қауіптен ескертеді. Ол әсіресе адам ұйықтап жатқан кезде көрінбейтін, иіссіз улы газдан сақтанудың жалғыз сенімді құралы болып табылады.
Сигнализаторларды әлеуметтік осал топтағы үйлерге орнату — өрт пен улану қаупін айтарлықтай төмендететін тікелей әрі өте қажетті көмек. Техникалық құралдардың жетілдірілгеніне қарамастан, өрт қауіпсіздігіндегі ең маңызды фактор — адамның өзі. Түркістан қалалық газ инспекциясы барлық тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды сұрайды. Қауіпсіздік ережелері, балаларды жалғыз қалдырмау: Кішкентай балалардың газ құралдарына, сіріңкеге немесе электр жылытқыштарына жақын жерде қараусыз қалуына жол бермеу.
Желдетуді қамтамасыз ету, жылыту пештері мен газ құралдарын пайдаланғанда үйді үнемі желдетіп отыру.
Құралдарды тексеру: Газ құралдары мен пеш мұржаларын қолданар алдында олардың дұрыстығына көз жеткізу.
Назарға алыңыз, Сіздің қауіпсіз өмір сүргеніңіз біз үшін маңызды. Тек, сақтық шараларын сақтауды назардан тыс қалдырмасаңыз болды! Газдың қауіпті екенін бәрі де біледі, алайда, оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға үйреніп, қауіпсіздік шараларын естен шығарып алады.
Табиғи газды тұрмыста пайдалану адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін тұрмыста газды пайдалану ережелері талаптарын қатаң сақтау қажет.
Аталған ережелермен тұтынушыларды газ шаруашылығы қызметкерлері пәтерлерді немесе жеке үйлерді газ жүйелеріне қосу барысында таныстырады.
Тұтынушылар газ құрылғыларының, жылыту пештері мұржаларының қалыпты жұмыс істеуін қадағалап отыруға тиіс, ал пайдалану аяқталғаннан кейін газ құрылғысының крандарын жауып қою қажет. Қысқы-көктемгі кезеңде сыртқы ауа температурасы мен жел жылдамдығының күрт өзгеруінен мұржалардың жиектеріне мұз қатып, ішіне басқа заттар түсуі мүмкін. Сол себептен түтіннің тартуы нашарлап немесе кері шығуы мүмкін. Түнгі уақытта жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға болмайды. Сыртқы ауа температурасы төмендегенде мұржаның қызбауы себебінен су буы кристаллданып, мұржаның ішіне мұз қатып, түтіннің шығуына кедергі болады.
Бұндай кезде толық жанбаған табиғи газ (улы газ) бөлмеге таралады. Сондықтан жылыту құрылғыларын жақпастан бұрын терезелерді ашып, бөлмені, от жағар орынды және мұржаны желдетіп алу қажет.
Газ құрылғыларын жақпастан бұрын және жанып тұрған кезде міндетті түрде мұржадан түтіннің тартуын тексеріп отыру қажет.
Өкінішке орай кейбір тұтынушылар қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлы қарап, нәтижесінде өздері немесе туысқандары қайғыға ұшырап жатады.
Тұрмыста газды пайдалану ережелерінің кейбір тармақтарын естеріңізге саламыз:
– газ құрылғыларын өздігіңізден газ жүйесіне қосуға немесе жөндеуге, олардың орнын өзгертуге, пештердің сылағы жарылған кезде және мұржаларда түтін тартпай тұрған кезде газды пайдалануға тыйым салынады;
– жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға, әсіресе, түнгі уақытта болмайды. Салдарынан өрттер мен газ аралас ауаның жарылыстары болуы мүмкін;
– мұржаны күйден және бөтен заттардан мезгілімен тазалап, оның бүтіндігін тексеріп отыру қажет;
– бөлмеде газдың иісін сезсеңіз, есіктер мен терезелерді ашып, бөлмені желдету қажет, жарық пен электр құралдарын қоспаңыз және «109» телефон номерімен шұғыл түрде авариялық газ қызметін шақырыңыз.
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес, үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне иелері жауапты екенін есте сақтау қажет.
Табиғи газ – жайлылық пен халықтың әл-ауқатының жақсару белгілерінің бірі.
Осылайша, Ордабасы ауданының әкімдігі аудан тұрғындарының табиғи газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтауы үшін жан-жақты ақпараттық жұмыстарды тоқтаусыз жүргізіп келеді. Бұл іс-шаралар қауыпсіздік мәселесінің маңыздылығын көрсетеді. Газ қызметкерлері барлық азаматтарды 2025-2026 жылдардағы жылыту кезеңін қауіпсіз және жайлы өткізу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Табиғи газды пайдалануда абай болыңыздар!
Түркістан қалалық газ инспекциясының 2025-2026 жылғы жылыту маусымы қарсаңындағы кешенді жұмыстары қала тұрғындарын қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жұмыстардың табысты болуы тек мамандарға ғана емес, сонымен бірге әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігіне де байланысты.
Жылу маусымының қайғылы оқиғаларсыз өтуі үшін, әрбір тұрғынның газ инспекциясының талаптарына құлақ асып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы аса маңызды.

