Қай кезеңде болмасын елдің дамуы, қала мен ауылдың өркендеуі – қарапайым еңбек адамынан басталады. Ол жандардың еңбегі еөзге көп көріне бермегенімен, олардың қолтаңбасы қаланың ірбір жетістігінде бар. Әрбір салынған жолда, бой көтерген ғимаратта, абаттандырылған аймақта, халыққа жасалынған игілікте – сол еңбек адамдарының маңдай тері мен табанды еңбегі жатыр.
Оның тынымсыз еңбегі – Мемлекет басшысының «Еңбек адамы» бейнесін танымал ету және жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын арттыру жөніндегі бастамаларының жарқын дәлелі. Оның жұмысы Үкіметтің коммуналдық инфрақұрылымды қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыру саясатымен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан нағыз еңбек адамдарын ұлықтау — игі дәстүр. Биылғы марапат иелерінің қатарында Түркістан қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп отырған «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының білікті маманы Бузав Әбжәлі Мәуленұлының болуы — бүкіл өңір үшін үлкен мақтаныш.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығымен Әбжәлі Мәуленұлы еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда — «Құрмет» орденімен марапатталды.
Әбжәлі Мәуленұлының еңбек жолы — өскелең ұрпақ үшін нағыз мектеп. Ол өзінің алғашқы қадамын 1979 жылы бастап, сан түрлі қиындығы мен қызығы мол салаларда шыңдалды. Күзет қызметі мен теміржол саласында жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетті. Түрлі өндірістік кәсіпорындарда тәжірибе жинақтап, өз ісінің нағыз маманына айналды.
2010 жылдан бастап Түркістан қаласының «Жылу» мекемесіне ауысып, содан бері қаланың жылу жүйесінің іркіліссіз жұмыс істеуіне атсалысып келеді.
2013 жылдан бері Жылу жүйесі бөлімінің басшысы қызметін атқарып келе жатқан кейіпкеріміз Түркістанның киелі шаһар мәртебесіне сай заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруда қолтаңбасы қалған азаматтарымыздың бірі болды.
Жалпы, энергетик саласы — электр желілерін жобалаумен және монтаждаумен, сондай-ақ олардың жұмысын бақылаумен және жөндеумен айналысатын мамандық екен. Бұл мамандық әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі болып саналады, өйткені қызметкер күн сайын электр тогының соғу қаупіне тап болады, ал оның салдары өте қайғылы.
Энергетик — электр желілерін жобалаумен және монтаждаумен, сондай-ақ олардың жұмысын бақылаумен және жөндеумен айналысатын жұмысшы.
Энергетик мамандығы күрделі болып келеді. Кез келген түлек осы қызмет саласын таңдауға шешім қабылдай бермейді, сондықтан осы саладағы мамандар еңбек нарығында сұранысқа ие. Жылу және электр энергиясы өмірдің барлық салаларында кеңінен қолданылады, сондықтан бұл мамандық Қазақстанда да, әлемде де қажет етіледі. Энергетик мамандарысыз жайлы өмірді елестету мүмкін емес. Демек, энергетика — қателікті кешірмейтін, аса жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Міне, біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған Әбжәлі Мәуленұлының басшылығымен қаланың жылу желілері жаңартылып, қысқы маусымдардағы апаттық жағдайлардың алдын алуда орасан зор жұмыстар атқарылды. Оның еңбегі бұған дейін де ескерусіз қалған емес, 2022–2023 жылдары ол «Ел ардақтысы», «Үздік қызметкер», «Еңбек даңқы» медальдарымен және салалық төсбелгілермен марапатталды. Бұл — оның тек кәсіби маман ғана емес, өз ісіне адал патриот екенінің айқын дәлелі.
«Құрмет» ордені — бұл тек бір адамға берілген баға емес, бұл күндіз-түні тыным таппай, халықтың қамы үшін тер төгетін барша коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегіне көрсетілген құрмет. Әбжәлі Мәуленұлының бұл жетістігі — Түркістанның өркендеуіне, әрбір шаңырақтың жылуына қосқан үлесінің лайықты өтеуі.
Мерейлі марапат иесін шын жүректен құттықтай отырып, оның отбасына амандық, еңбегіне толағай табыстар тілейміз! Ел үшін еткен еңбек еш кетпейтінін бүгінгі марапат тағы бір мәрте дәлелдеді.
– «Жұмысшы мамандықтар жылының» негізгі идеологиясын, яғни еңбектің құрметті, лайықты және әлеуметтік тұрақтылықтың негізі екенін дәлелдейді. Оның мысалы – Мемлекет басшысының бастамаларының қарапайым еңбек адамының өміріндегі нақты көрінісі болып табылады.

