Түркістан қаласы өзінің рухани орталық мәртебесін нығайтумен қатар, заманауи және жайлы қалаға айналу жолындағы инфрақұрылымды дамыту мен абаттандыру бағытындағы ауқымды жұмыстарын қарқынды жалғастыруда. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы қазіргі таңдағы бірнеше маңызды нысандардағы құрылыс, көгалдандыру және инженерлік жұмыстардың орындалу барысын арнайы аралап, жұмыс қарқынымен жете танысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын және оған жалпыұлттық референдумда белгіленген саяси жаңғыру бағдарындағы азаматтардың көпшілігінің қолдауы ықпал еткенін атап қткені естеріңізде болар.
– Конститутциялық реформа жаңа әділетті Қазақстанды құрудағы негізгі қадам болды, — деп атап өтті Президент. – Саяси жаңғыртудың жалғасы құрылымдық экономикалық қайта құрулар, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататын «азамат – бизнес — мемлекет» арасындағы қатынасты қайта құру болады. Сондай-ақ, қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолдау көрсетуге кепілдік беріледі.
Қазақстан Басшысы шағын және орта бизнесті дамыту аспектілеріне ерекше назар аударып, мемлекет экономикалық еркіндікті толық қолдайтынын, бірақ сонымен бірге нарықтың тұрақсыздығы ықпалынан азаматтарды табанды түрде қорғайтынын атап өтті.
– Еліміздің басты құндылығы – адам, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан ұлттық байлықты әділ бөлу және әрбір азаматқа тең мүмкіндік беру – реформалардың басты мақсаты.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысында қала көшелерін көркейтуді назардан тыс қалдырған емес.
Қала басшысының назарына алдымен жаңа қала аумағындағы құрылыс алаңдарындағы тазалық пен эстетика мәселесі ілікті. Құрылыс қалдықтарын толық жою және нысандардың сыртқы қоршауларын ретке келтіру жұмыстары назарға алынып, бұл бағыттағы жұмыстардың сапасы мен мерзімі қатаң бақылауда болатыны және жауапты сала өкілдерімен тұрақты мониторинг жүргізілетіні айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөйлеген: «Әкімдер өздерінің мықты басшы екенін іс жүзінде дәлелдеуі керек. «Басшының бағы – ел-жұрттың қамы» деп бекер айтылмаған. Нағыз елге сыйлы әкім болу үшін ауылдың ахуалын жақсы білу де аздық етеді. Халықтың сенімін ақтап, елдің береке-бірлігін нығайту үшін жұмыс істеу керек»,-деді.
Әкім мемлекеттік деңгейде жасалып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде жүзеге асыруға қабілетті болуы қажет. Кәсіби тұрғыдан білікті әрі еңбекқор әкім сайлаушылардың сенімін ақтай алады», — деген сөзін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеріп отырады.
Сондай-ақ, Түркістанның негізгі магистралды бағыттарының бірі – Саттарханов даңғылы мен Әуежай тас жолы бойында көгалдандыру жұмыстары қызу қарқынмен жалғасуда. Қаланың көркін ашатын, атмосфераны тазартатын бұл жұмыстар аясында жалпы әуежай мен Саттарханов даңғылы бойына 15 000 түп раушан гүлі отырғызылуда. Бұл жасыл желектер қаланың кіреберіс қақпасының эстетикалық келбетін арттыруға бағытталған.
Қала басшысы тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған маңызды жобалардың бірі – «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты. Жалпы аумағы 5,2 гектарды қамтитын бұл кешен арендалық және кредиттік үйлерден тұрады және 344 пәтерді қамтиды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталған. Нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде бітіру бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.
Сонымен қатар, осы Жібек жолы тұрғын үй кешеніне апаратын 26-көшеде жол-құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала басшысы жол сапасы, инфрақұрылымдық стандарттардың орындалуы және жұмыс кестесіне сәйкестігін мұқият тексеріп, тараптарға тиісті ұсыныстар берді. Қаладағы негізгі жолдардың бірі – Айналма жол бойына қоршау орнату және Б.Майлин көшесіндегі реконструкциялау жұмыстарының мәселесі қаралып, тиісті сәулеттік ұсыныстар зерделенді.
Аралау барысында Әзімбек Пазылбекұлы 5000 орындық мешіттің құрылыс және абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Қазіргі таңда мешіттің қасбеті мен мұнарасы толық дайын, инженерлік жүйелер тартылып, терезелер орнатылған. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 30-дан астам жұмысшы мен 9 техника жұмылдырылған. Алдағы уақытта мешіт аумағында жасыл желек көлемін арттыру жоспарлануда.
Аралау соңында қала басшысы Өндірістік парк пен арнайы экономикалық аймақ аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды аралап, инфрақұрылымды ретке келтіру және тазалық деңгейін күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бұл жерде қазірдің өзінде 5000 түп ағаш отырғызылып, кіші өндірістік 5 ғимараттың құрылысы мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, бұл қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Қорыта айтқанда, Түркістан қаласының басшылығы инфрақұрылымдық жобалардың сапасы мен мерзіміне баса назар аудара отырып, қаланы тұрғындар үшін жайлы, әрі көрікті орталыққа айналдыру бағытындағы жұмыстарды тыңғылықты жалғастыруда. Жалпы, биліктің халыққа жақындығын және шешім қабылдаудағы транспаренттілікті қамтамасыз етуі — жергілікті деңгейдегі жүйелі көрінісі болып табылатыны сөзсіз.
Жергілікті тұрғындардың атқарылған жұмыстарға ризашылық білдіріп және келелі ұсыныстарды ортаға салуы – халық пен билік арасындағы сенімді диалогтың берік орнағанын дәлелдейтіні рас. Сондықтан да, Түркістан қаласындағы іске асырылған инфрақұрылымдық жобалар – «Адал азамат» тұжырымдамасының нақты нәтижесі деуге болады.

