Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі және ішкі істер министірлігі бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық Полиция бөлімімен бірлесе отырып, аудан аумағында автокөлік жүргізушілеріне арналған “Газбаллон акциясы” шеңберінде профилактикалық рейд жүргізді.
Рейд барысында автокөліктердегі алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы, газ жабдықтарының техникалық жағдайы тексеріліп, анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптары кеңінен түсіндіріліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.
Еске салсақ, 1 желтоқсаннан бастап ТЖМ ІІМ-мен бірлескен «Газбаллон» акциясы белсенді іске асырылуда. Сондай-ақ, оған мүдделі мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, БАҚ өкілдері мен волонтерлер де жұмылдырылуда.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың өрт қауіпсіздігіне және жалпы қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеуге бағытталған газ құю станцияларында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылуда, оның ішінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының 1074-тармағына сәйкес, газбаллонды жабдығы бар автокөліктерді өзге мақсаттағы кіріктірілген немесе жапсарлас үй-жайларда, жабық типтегі паркингтер мен автотұрақтарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан үй-жайлар мен тұрақтарда орналастыруға қатаң тыйым салынады.
Осы ретте мамандар газбен улану мен өрттің алдын алу үшін төмендегі қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау маңыздылығын назарға алуды сұранады:
- Газ баллондарды күн сәулесі тікелей түсетін немесе жылыту құрылғыларына жақын жерге қоюға болмайды;
- Баллондар тек арнайы рұқсат етілген бекеттерде толтырылуы тиіс;
- Тозығы жеткен, мерзімі өткен баллондарды қолдануға болмайды;
- Газ иісі байқалған жағдайда, дереу баллонды жауып, үй-жайды желдетіп, мамандарға хабарлау қажет;
- Баллон орнатылған үй-жайларда үздіксіз желдету қамтамасыз етілуі керек;
- Пеш немесе плиталар қосылғанда оттың жануын бақылау қажет, жалын сөніп қалса – газ жиналып, жарылыс қаупі туындайды;
- Авткөліктерге газ орнату жұмыстарын тек арнайы мамандарға тапсырыңыз және арнайы рұқсат белгісінің болуын қамтамасыз етіңіз;
- Газ қондырғысы орнатылған автокөліктердің паркингтерде, жабық және жер деңгейінен төмен орналасқан тұрақтарда орналстыруға тыйым салынады.
Құрметті аудан тұрғындары! Газ — ыңғайлы әрі үнемді, бірақ қауіп төндіруі де мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 104 нөмірлеріне хабарласыңыздар.

