Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген.
Бағдарламаның басты мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталады.
Бағдарламаның өзегі «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» идеологиялық үштағанымен астасып жатыр. Оның мазмұны ел Президенті атап көрсеткен, ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын алты құндылыққа сәйкес жүйеленген.
Мемлекет басшысы «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», сондықтан біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды екенін атап өтіп, құрылтай мүшелері алдағы уақытта бұл бағдарламаны «Адал азамат» деп атауды ұсынғанын және бұл ұсыныспен толық келісетінін баса айтқан болатын.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың болашағымыздың бағдары жастар тәрбиесі мен біліміне орасан үстемдігі бар бағдарламаны зерделеу мақсатында, Түркістан облысы Ордабасы ауданының білім бөлімі жоғары деңгейде насихаттауда. Нақтырақ айтсақ, «Болашақ» жалпы білім беру мектебі — Келешек мектебі форматындағы жаңа деңгейдегі білім ордасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылыққа негізделген тәрбие беру жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинар білім алушылардың бойына құндылықтарды сіңіре отырып, құндылықтарды оқыту мен тәрбие процесіне енгізудің ең тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде көрсету, педагогтердің озық тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылды. Аталған семинарды Түркістан облысының білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» тәрбие және әлеуметтік педагогика бөлімінің меңгерушісі Ш.Примбетова ашып, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Мұратбек, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Ш.Азимбаева сәттілік тіледі. Түркістан облысының барлық аудандарнан білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
«Адал азамат» — жарқын болашақ кепілі» айдарымен «Адал азамат» бағдарламасы аясында құндылыққа негізделген бірлескен шығармашылық тәжірибе алаңы – біріншіден, күн сайын, апта сайын орындалатын құндылықтар әлемі. Екіншіден, құндылыққа бағытталған жобалар. Аталған жобалар, оқушыны жан –жақты дамытады. Тақырыптарында ұйымдастырылып көрсетіледі.
Сонымен қатар, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылыққа негізделген тәрбие беру жолдары тақырыбында «Қазақстан Педагогикалық академиясы» корпоративтік қорының «Академиялық профессоры» Тамара Махалқызы баяндама жасап семинардың мазмұнын ашты.
Семинар барысы «Құндылыққа негізделген білім» және «Құндылыққа негізделген тәрбие» бағыты бойынша түрлі форматта тәрбие жұмыстары мен ағылшын, математика, физика, биология, тарих , география, қазақ әдебиеті пәндеріне ұлттық құндылықтар кіріктіріліп өткізілді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар, өз мақсатына толық жетті. Осы семинар барысында аудан әдіскерлері тәрбие орынбасарлары мен пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, кітапханашылар және психологтар сабақ үлгілерін түрлі форматта айшықтады. Сонымен, бір мектеп базасында бірнеше мектептің жұмысы көрсетілгені, ерекше бағаланды.

