«Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беруде. Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастағалы, ауылдардың жағдайы жақсаруда. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске тарту, азық – түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.
Мемлекет басшысы ауылды дамыту үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының әлеуетін кеңінен пайдалануды да тапсырды. Жуырда өткен Ауыл еңбеккерлерінің екінші форумы барысында елдегі ауыл шаруашылығын дамыту, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану, агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Президент форумда ауыл-аймақтардың даму бағдарын айқындаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Бүгінде Ордабасы ауданында да осы тұжырымдама аясында нақты қадамдар атқарылуда. Ауыл шаруашылығын қолдау, мал шаруашылығын дамыту, егін шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, фермерлерге несие және субсидия беру сияқты іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аудан тұрғындары үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлікті дамыту, отбасылық бизнес ашу мүмкіндігі жасалуда. Бұл шаралар ауылдың экономикалық белсенділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Ордабасы ауданының ауылдарында әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту қолға алынған. Жаңа мектептер мен медициналық нысандар салу, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, су жүйелерін қалпына келтіру, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл бастамалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, ауылда тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Президент атап өткендей, ауыл – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі тірегі. Сондықтан Ордабасы ауданында ауылды дамыту жұмыстары күн тәртібінен түспейді. Жергілікті билік пен тұрғындардың бірлескен еңбегі, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асуы аудандағы ауылдардың жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізуде.
Аудан әкімі Азат Оралбаев ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті: «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сай, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру — біздің басты міндетіміз. Соның нәтижесінде Ордабасыда агроөнеркәсіп саласы тұрақты даму жолына түсті. Бұл жетістіктер — шаруаларымыздың қажырлы еңбегінің, дұрыс жоспарлаудың және бірліктің жемісі. Халқымыз “Жері байдың — елі бай”, “Еңбек түбі — береке” деп бекер айтпаған. Бірлігіміз бен еңбегіміздің арқасында ауданымыз әрқашан берекенің мекені болып қала береді», — деді.
Биыл аудан бойынша 71 600 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде 6 925 гектар аумақ су үнемдеу технологиясымен игеріліп отыр. Бұл — су ресурстарын тиімді пайдаланудағы маңызды жетістік.
Жылыжай шаруашылығы бағытында да оң өзгерістер бар. Нақтырақ тоқталсақ, Шұбарсу ауыл округінде 15 гектар жер телімі бөлініп, 42 шаруаға берілді. Оның 30-ы “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы қолдау алып, бүгінде 23 азамат алғашқы өнімін жинауда. Осылайша, аудандағы жылыжай көлемі 134 гектарға жетті.
Аудан шаруалары биыл 144 дана жаңа техника сатып алып, еңбек өнімділігін арттырды. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 450 мың тоннаға, жалпы құны 55,9 миллиард теңгеге жетті. Биыл облыс диқандары 144,5 мың гектарға мақта егіп, 470 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Заманауи технология қолданылған егістік көлемі 1,2 мың гектардан 50 мың гектарға дейін артқан. Қазіргі таңда өңір шаруаларына 25 зауыт пен 175 қабылдау бекеті қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, Ордабасы ауданында да мақта алқабы ұлғайып, өнім көлемі артуда. Биыл 509 шаруа қожалығы 7 142 гектар алқапқа мақта екті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 742 гектарға көп. Аудан бойынша мақтаның орташа түсімі 27 центнерді құрап, жалпы 19,3 мың тонна өнім жиналады деп жоспарланған. Мақта өңдеу ісімен «Нұр Агро 73» ЖШС айналысады. Төрткүл ауылдық округінде орналасқан бұл кәсіпорын Қазіргі таңда 10 мың тоннаға жуық өнім қабылдаған. Биыл шаруалар мақтаның түрік сорттары – «ВА 1010» және «ВА 440 Лазерді» еккен. Ал баға өткен жылмен салыстырғанда өсіп, биыл 1 килограмы 270 теңгеден қабылдануда.
Мал шаруашылығында да тұрақты өсім бар – төрт түліктің жалпы саны 560 мың басқа жеткен. Мәселен, ауданда мал шаруашылығымен айналысып, елеулі табыс тауып жүрген еңбекқор азаматтардың бірі – Дихан ауылының тұрғыны Ділмұханбет Сәгидіков. Ол шалғай елді мекенде орналасқан қорасында кәсібін дамытып келеді. Бұл іспен айналысқанына 6 жыл болған. Қазіргі таңда оның қорасында 45 бас өгіз бар.
Ділмұханбет мал басын көбейту бағытында үздіксіз еңбек етіп, өз тәжірибесін жетілдіріп келеді. Қысы-жазы мал азығын дайындап, жергілікті жем-шөп қорын тиімді пайдаланады. Осындай табандылық пен еңбектің арқасында бүгінде ауылдағы үлгі болар шаруалардың бірі саналады.
Бұдан бөлек ауданның негізгі даму көрсеткіштеріне де тоқтала кетсек: Халық саны – 133 мың адам (тәуелсіздік жылдарында 77 мыңнан артқан); Аудан бюджеті – 20 миллиард теңге (1990 жылы 171 миллион теңге болған); 11,2 миллиард теңге инвестиция тартылып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 77 миллиард теңгеге жетті; 7 283 гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізіліп, техника 60 пайызға жаңартылды; Жуырда ғана 3 ауыл ауызсумен қамтылып, аудан бойынша ауызсумен қамту деңгейі 100 пайызға жетті; Табиғи газбен қамту – 77 пайыз; 78 мектеп, 61 балабақша, 181 спорт нысаны халық игілігіне қызмет етуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аудандаа агроөнеркәсіп саласы тұрақты даму жолына түсті. Бұл жетістіктер – аудан шаруаларының қажырлы еңбегінің, дұрыс жоспарлаудың және бірліктің жемісі.
Жылыжай шаруашылығы бағытында да оң өзгерістер бар. Шұбарсу ауыл округінде 15 гектар жер телімі бөлініп, 42 шаруаға берілді. Оның 30-ы “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы қолдау алып, бүгінде 23 азамат алғашқы өнімін жинауда. Бұл бағдарламаның тиімділігін көрсетеді және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Осылайша, аудандағы жылыжай көлемі 134 гектарға жетті. Бұл – аудан тұрғындарын сапалы және экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Аудан шаруалары еңбек өнімділігін арттыру мақсатында биыл 144 дана жаңа техника сатып алды. Жаңа техниканың келуі ауыл шаруашылығы жұмыстарын жеңілдетіп қана қоймай, өнімділікті арттыруға да септігін тигізеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 450 мың тоннаға, жалпы құны 55,9 млрд теңгеге жетті. Бұл – ауданның экономикалық дамуына қосылған үлкен үлес.
Мал шаруашылығында да тұрақты өсім байқалады. Төрт түліктің жалпы саны 560 мың басқа жеткен. Бұл – аудан халқын ет, сүт және басқа да мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудегі маңызды көрсеткіш.
Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері – бұл тек қана статистикалық мәліметтер емес, бұл – аудан тұрғындарының еңбегінің, бірлігінің және болашаққа деген сенімінің көрінісі. Біз алдағы уақытта да ауыл шаруашылығын дамытуға бар күшімізді саламыз және Президентіміздің тапсырмаларын орындауға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береміз.
Ордабасы ауданы ауыл шаруашылығы саласында өңірдің көшбасшыларының біріне айналып келеді. Биылғы маусымда аудан шаруалары ауа райының құбылмалы болуына қарамастан, озық технологиялар мен жаңартылған агрономиялық тәсілдерді кеңінен қолдануының арқасында жоғары өнім алуға қол жеткізді. Ауданның дамуына ықпал етіп отырған басты фактор — агросекторды жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар.
Ордабасы ауданы жалпы ауыл шаруашылығы бойынша 2025 жылы 145 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Диқандардың негізгі мақсаты — көлем емес, сапа. Сол себепті соңғы жылдары фермерлер арасында тамшылатып суару технологиясы, жаңбырлатып суғару жүйелері, тыңайтқыш енгізудің жаңартылған әдістері кең таралып келеді. Бұның нәтижесінде су үнемделіп қана қоймай, әр гектардың өнімділігі де айтарлықтай артты.
Аудан шаруаларының басты табыстарының бірі — егіс алқаптарының дұрыс әртараптандырылуы. Бидай, арпа, жүгері, мақсары, мақта, бақша дақылдары, жем-шөп өнімдері — бәрі жоспарланған аумақта өсіріледі. Әр дақылға жеке технология қолданылып, зертханалық талдаулар негізінде тыңайтқыш түрлері таңдалады. Мұның бәрі Ордабасының аграрлық мәдениетінің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар, ауданда жылыжай шаруашылығы да қарқын алып келеді. 2025 жылы-ақ жылыжай көлемі 124 гектарға жетіп, онда жылына 30 мың тоннаға жуық өнім алынды. Қияр, қызанақ, болгар бұрышы, жапырақ дақылдары негізінен ішкі нарыққа жөнелтіліп, бір бөлігі экспортқа шығарылуда. Шаруалардың айтуынша, жылыжай саласы бүгінде табыстың ең тұрақты түріне айналған.
Шұбарсу ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аталған бағдарлама шеңберінде жергілікті шаруалар төмен пайыздық несие алып, жылыжай кешендерін кеңейтіп, өнім көлемін арттыруда. Мысалы, жылыжай шаруашылығының қарқынды дамуына сүбелі үлесін қосып келе жатқан ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Алинұр» жетекшісі Нұрлан Алимханов 2017 жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысып келеді. Қазіргі таңда жылыжай көлемі 4 гектарды құрайды.
Аталған жоба да «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылған. Бұл бастама ауылдағы кәсіпкерлерге өз ісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Мал шаруашылығы да аудан экономикасының маңызды бөлігін құрайды. Ірі қара, қой-ешкі, жылқы саны жыл сайын өсіп келеді. Әсіресе асыл тұқымды мал басын көбейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Мал бордақылау алаңдары көбейіп, ет экспортының көлемі ұлғайып келеді. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар мен субсидиялар шаруаларға үлкен демеу болуда.
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту — аудан экономикасының тірегіне айналып отыр. Жергілікті шаруалар жаңа технологиялармен жұмыс істей бастады, су үнемдеу мәдениеті қалыптасып келеді, жаңа техника паркі жаңартылды. Ордабасы ауданы алдағы жылдары аграрлық кластер құрып, бәсекеге қабілетті өнім көлемін арттыра түсуге қауқарлы.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың нәтижесінде Ордабасы ауданыда ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Жыл өткен сайын аймақта мал саны көбейіп, тиісінше ет және сүт өнімдерінің де көлемі артуда. Бұл, әрине, тұтынушыға табиғи өнімге қолжетімділікті арттырса, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердің кәсібін өрге бастырары сөзсіз.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруды көздейді. Жоба аясында 2,5% жылдық мөлшерлемемен 7 жылға дейін жеңілдетілген несие беріледі. Несие алу үшін әр өңірдегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жүгіну қажет.

