Кентау қаласының әкімі Жандос Қалмырзаұлы Тасов белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды уақтылы өткізіп келеді. Бұл тек әкімшілік рәсім ғана емес, сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аймақтық деңгейдегі практикалық және идеялық көрінісі. Ашық диалог – қазіргі қазақстандық саяси жүйенің тірегі, ол билік пен халық арасындағы құқықтық және әлеуметтік келісімнің алтын көпірін орнатады.
Жеке қабылдаудың басты маңыздылығы – биліктің оқшаулануын жойып, аудандық басқаруды азаматтардың нақты мәселелерімен тығыз байланыстыру. Әкімшілік аппарат тек жоғарыдан түскен нұсқауларды орындаушы ғана емес, сонымен бірге халықтың тікелей әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін шешуге ықпал етуші билік ретінде танылады.
Тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, алға бастай білетін әкімді нағыз әкім деуге болады. Ел Президенті ауыл әкімдерінің диалог-платформасында «ауыл басшылары» жайлы дәл осындай түсінік берді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жыл өткен сайын халықтың талап-тілегі артып келеді. Бұл – бүкіл әлемге ортақ үрдіс. Әкімдер халыққа құрметпен, шыдамдылықпен, түсіністікпен қарап, азаматтармен ашық әңгіме жүргізуге тиіс.
«Олар барлық мәселені мүмкіндігінше өз деңгейінде шұғыл және сапалы шешуі қажет. Бірақ бұл міндетті атқару үшін жергілікті әкімдердің қолында тиісті құзыреті болуы керек. Атқарылып жатқан жұмыстың мән-жайын үнемі жұртқа түсіндіріп отырған жөн. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген. Әрине, айтылған ұсыныс-пікірге назар аудару керек. Бірақ әркімнің, әсіресе, іс-әрекеті ерсі, ниеті теріс, тіпті, арандатушы адамдардың ығына жығылмай, жетегінде кетпей, ақылға қонымды ұсынысты ғана қабылдау қажет. Негізі, бұл – барлық деңгейдегі әкімдерге ортақ ұстаным. Тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, алға бастай білетін әкімді нағыз әкім деуге болады. Мен жақында «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл – әрбір мемлекеттік қызметшінің, әсіресе әкімдердің жұмысына бағдар беретін өте маңызды құжат»,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент тапсырмасына сәйкес Кентау қаласының әкімі Жандос Қалмырзаұлы кезекті тұрғындарды қабылдауын өткізді. Жеке қабылдауға қала әкімінің орынбасары, бөлім және жауапты мекеме басшылары қатысты. Қабылдауда болған тұрғындар өздерін мазалаған жеке мәселелерінен бөлек, ойын алаңшасын орнату, тұрғын үй алудағы мәселелерін қамтып, қала басшысына көкейлеріндегі сан алуан сауалдарын жолдады.
Жандос Қалмырзаұлы жеке қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, саралау жолдарын басымдыққа алған жаңашылдыққа жақын, жауапкершілікке басым әкім деуге болады. Неге десеңіз, қала басшысының жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастыруы – биліктің жеке жауапкершілігін және ұжымдық шешім қабылдау мәдениетін көрсетеді.
Әсілінде, тұрғындармен тиімді байланыс орнатудың маңызды тәсілінің ерекшелігі – билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты институционалдық тұрғыдан нығайтудың стратегиясы Кентау әкімдігінде сақталған деуге саяды. Сонымен қатар, Кентау кентінің шалғай ауылдарындағы жол және инфрақұрылым мәселелері – ауылдық аумақтардың экономикалық потенциалын ашу үшін өзектілігі ауқымды жағдай екені бесенеден белгілі. Бұл – Мемлекет басшысының аймақтық дамуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларының жергілікті жердегі тікелей орындауға ден қойғанның үрдісі екені шындық. Әрбір жөнделген жол, жеткізілген құбыр – билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын нақты нәтиже. Осы ретте, тұрғын үй кезегі – әлеуметтік әділеттіліктің ең маңызды индикаторларының бірі. Әкімдіктің бұл мәселеге мұқият қарауы және оны заң аясында кезең-кезеңімен шешу қажеттігін атап өтуі – мемлекеттік органдардың ресурстарды әділ бөлуге және әлеуметтік жауапкершілікке басымдық беруін білдіреді.
Сондықтан да болар әкім қабылдауында тұрғындар тарапынан айтылған әрбір мәселе мен ұсыныстар орындаусыз қалған емес. Бір кездері күйреу алдында тұрған Кентау кенті, бүгінгі күні түрленіп, гүлденуде, «тобықтай сөздің түйіні» жаһандануына қолда бар мүмкіндікті қалт жібермей, жұмысын жаңғыртып отырған білімді де, білікті, іскер де, талапшыл қала басшысымен халқы бірге қуанып, бірге еңбектеніп, бірге жетістіктерге жетіп, бірге белестерді бағындыруда деуге әбден болады. Барды бағалау, іскер жанға ізеттілік пен құрмет күрсете білу, адамгершілік – адамдақтың белгісі емес пе? Себебі, қазіргі таңда Кентау қаласы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі.
Ия, «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек. » деген Мемлекет басшысының сөзін жадында сақтап, санасына құйып алған Жандос Қалмырзаұлының бойға сіңген жағымды қасиеті жайында айту, артықтық етпейді. Шын мәнінде, бұл жалпы көзқарасты барлық деңгейдегі әкімдер ұстануы керек. Нағыз әкім-бұл адамдарды ортақ мақсаттарға жетуге жұмылдыратын және жетелейтін тұлға.
Қорытындылай келгенде, Кентау қаласының азаматтарын жеке қабылдау – бұл тек мәселелерді шешуге бағытталған технократтық әрекет емес, сонымен бірге биліктің өз халқына жақындығын, әлеуметтік жауапкершілігін және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына жергілікті деңгейдегі одақтығын көрсететін идеологиялық тұғыр. Мұндай тиімді байланыс – халықтың мәселелерін уақтылы шешуге және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін демократиялық механизмнің өзегі. Жеке қабылдау институты – биліктің әрдайым халықпен бірге екенін және олардың мұң-мұқтажын терең түсінетінін дәлелдейді.

