Ә. Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде Рысбай Құдайбергенов атындағы Кадет сыныбы және мектеп оқушылары арасында өткізілген «Ерлік» сабағына, Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. «Ерлік» сабағы – бұл педагог кәсібінің беделін арттырудың академиялық біліммен қатар, моральдық-этикалық және патриоттық тәрбиеге негізделген кешенді тәсілін көрсетеді. Мектептің ақпараттық технологиялар бағытында болуына қарамастан, азаматтық борышты жоғары қоюы – білім беру саласындағы қызметтің гуманистік және жан-жақты сипатын айғақтайды.
Іс-шараның мақсаты – жастарды Өз Отанына адал қызмет етуге, сапалы білім алуға, тәртіпті болуға шақыру – мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытудағы реформалардың жас ұрпақтың бойына жауапкершілік, тәртіп және Отанға сүйіспеншілік сияқты мемлекеттік құндылықтарды сіңіруге бағытталды.
Кентау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Бағзатхан Есімханның бейбіт күнде жасаған ерліктері туралы өткен кездесуде, ол өзінің екі рет адам құтқарып қалған оқиғасын айтып берді. Нақтырақ айтсақ, пәтерде жалғыз өзі құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5 қабаттың балконы арқылы ішке кіріп, құтқарып алған. Ал, екінші рет жасаған құтқару операциясы 4-ші қабаттан секірмек болған азаматты дер кезінде ажалдан арашалаған. Оқушылар үшін ерлік жасаған бүгінгінің батырымен кездесіп, оның өзімен бетпе бет кездесуі, әсерлі әңгімесін естуі, патриоттық тәрбиеге жетелеп, нақты қаһарман азаматқа деген құрметтерін арттырды.
Ал, осы жасаған табанды ерліктері елеусіз қалмай, басшылық тарапынан «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталғаны оқушылардың батыр ағаларына түрлі сауалдар қойып, «Ерлік» сабағына деген қызығушылықтарын туғызды. Әрине, педагогтардың мұндай нағыз өмірден алынған мысалдарды пайдаланып, тартымды да, қызықты өнегелік пен ізгілікке толы тәрбие сағаты — тәрбие жұмысының тиімділігін күшейтері сөзсіз.
«Ерлік» сабағында сөз болған полиция қызметкерінің жасаған ерліктері, мемлекеттік органдардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін және азаматтық борыштың биік деңгейінің жауапкершілігі мен антқа адалдығын көрсетеді. Сондай-ақ, полицейдің «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталғаны туралы таныстыруы да – Мемлекет басшысының азаматтық ерліктерді жоғары бағалау және мемлекеттік наградалардың қоғамдық беделін арттыру саясатының көрінісі. Бұл – азаматтардың жасампаздық және прогрестілікті рухани-патриоттық тұрғыдан қолдауды білдіреді.
Сонымен қатар, осындай тәрбие сабақтарына Кадет сыныбының қатысуы және ашылғаны, Кентау қаласындағы білім беру саласының құқық қорғау және құқықтық тәрбие саласындағы мамандандырылған оқу бағдарламаларын жетілдіруге басымдық беріп отырғанынының айғағы десек артық айтқанымыз емес.
Осы тәрбие сабағын пайдаланған полиция қызметкері Бағзатхан Есімхан оқушыларды сапалы білім алуға және тәртіпті болуға шақырды. Ол өз сөзінде, білімге ұмтылу мәдениетінің тек оқу ғана емес, жауапкершілік пен саналы тәртіпті қажет ететінін және мамандық таңдауда қателеспей, ертеңгі күні ел қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғайтын полиция қызметкері болуларына тілеулестігін білдірді.
Сонымен, Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейінде өткен «Ерлік» сабағы – Кентау қаласының білім беру жүйесінің Отанға деген адалдық, жеке жауапкершілік және ерлік сияқты азаматтық қасиеттерді қалыптастыруға деген міндеттемесінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Полиция қызметкерінің қаһармандық үлгісі – өскелең ұрпақ арасында педагог кәсібін танымал етудің әлеуметтік және моральдық негізі болып табылады. Кентау мектептері – тек білім беретін ғана емес, рухы биік, тәртіпті және Отанының нағыз патриоттарын тәрбиелейтін орта екенін дәлелдейді. Осындай ұрпақ тәрбиесін тереңдететін «Ерлік» сабақтарының жиі өткені құптарлық екен.

