«Қарнақ жалпы білім беретін мектеп» коммунальдық мемлекеттік мекемесінде «Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын дамытуда инновациялық әдістер мен тәсілдер» тақырыбындағы қалалық семинар өтті. Аталмыш семинар Кентау қаласындағы мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытудағы реформалардың бастауыш буынға деген ерекше назарын көрсетеді.
Бастауыш сынып – болашақ білімнің және азаматтық тұлғаның қалыптасуының іргетасы болғандықтан, мұндағы инновациялық тәсілдерді қолдану стратегиялық маңызға ие.
Семинардың мақсаты – инновациялық педагогикалық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесін талдау, тарату және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру – оқу бағдарламаларын жетілдірудің тікелей механизмі болып табылады. Бұл – Кентау қалалық білім бөлімінің сапалы білім беруге деген міндеттемесінің айқын көрінісі.
Іс-шараны мектеп директорының міндетін атқарушы Саданова ШохистаРахимжанқызы ашып, өте тартымды өткен семинар жұмысына сәттілік тіледі. Кентау қалалық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Орынбекова Баян Тұрлыбекқызы және «ORLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» директорының орынбасары Ахтаев Мухтар Бексұлтанұлы қатысып, әдістемелік жұмыстың жоғары деңгейдегі институционалдық қолдауын білдірді.
Семинар арасында төмендегі пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Атап айтқанда, 3-Ә сыныбындағы қазақ тілінен «Бастауыш» тақырыбындағы ашық сабақты Буркутбаева Анар өткізіп, онда қазақ тілінің реформаларын және тіл саясатын дамытуды бастауыш буыннан бастап тереңдетуді қамтамасыз етуді және қазақ тіліндегі сапалы білім беру – ұлттық мәдениетті және кітап оқу мәдениетін нығайтудың негізі жайында түсінік берді.
Сонымен қатар, 4-А сыныбындағы жаратылыстану пәнінен «Ауаның маңызы қандай?» тақырыбындағы дуэт сабақты өткен Конакбаева Нодра, Орманова Зебо – педагогтар арасындағы ынтымақтастықты, пәнаралық байланысты және жасампаздық идеяларды қолдауды көрсететіні мен бұл – азаматтардың жасампаздық және прогрестілікті ұжымдық тәжірибе арқылы қолдаудың жаңа формасы екенінен терең мағлұмат айтты.
Сондай-ақ, Омар Санобардың жүргізген «Жасанды интеллект және білім беру процесінде тиімді пайдалану» тақырыбындағы шеберлік сабағы – Кентау қаласының білім беру жүйесінің цифрлық технологияларға ашықтығын және заманауи трендтерді меңгеруге деген ұмтылысын айғақтады.
Ал, Ташметова Умида 1- Б сыныбы, математикаға дейінгі сандарды қосу және азайту туралы өтті.
Жасанды интеллектіні білім беру процесінде тиімді пайдалану мәселесін қарастыру – педагог кәсібінің беделін арттырудың технологиялық аспектісі. Педагогтардың сапалы білім беру үшін ЖИ құралдарын меңгеруі – олардың бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құндылығын күшейтеді.
Практикалық бөлімдегі интерактивті жұмыстар және оқушының танымдық қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалардың орындалуына тікелей куә болу – жаңашыл әдістердің оқушыға қалай әсер ететінін көрсету арқылы теория мен практиканы бірлікте қамтамасыз етеді.
Қорытындылай келгенде, Кентау – Педагогикалық Инновацияның Орталығы «Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын дамытуда инновациялық әдістер мен тәсілдер» қалалық семинары – Кентау қаласының білім беру саласындағы қызметінің үздіксіз жетілдіруге, педагогтардың кәсіби өсуіне және оқушылардың білім сапасын арттыруға деген стратегиялық міндеттемесін білдіреді. Инновациялық технологияларды және әдістемелік білімді тарату – өскелең ұрпақ арасында педагог кәсібін танымал етудің заманауи және тиімді жолы болып табылады.

