Кентау қаласындағы №19 мектеп-лицейінің 6 «А» сыныбында сынып жетекшісі Мутанова Айнұрдың ұйымдастыруымен «Қоғамдық мүлікті қорғау» тәрбие сағаты өтті.
Қоғамдық мүлікті қорғау – тек қана жаңа ғимараттар мен заманауи жабдықтар ғана емес, сонымен бірге осы материалдық құндылықтарды сақтауға деген саналы көзқарас қалыптастыруды талап етеді.
Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпаққа үнемшілдік, ұқыптылық және жауапкершілік құндылықтарын дарыту – білім беру саласындағы қызметтің тек танымдық емес, әлеуметтік-этикалық рөлін айқындайды. Оқушылардың мектеп мүлкін ұқыпты пайдалану және ортақ дүниеге жауапкершілікпен қарау туралы әңгіме жүргізуі – ұлттық құндылықтардың практикалық қолданысын зерделеу.
Сабақ барысында оқушылар қоғамдық орындардағы тәртіп, мектеп мүлкін ұқыпты пайдалану, ортақ дүниеге жауапкершілікпен қарау туралы мағыналы әңгіме жүргізді. Балалар «Қоғамдық мүлік – ортақ байлық» екенін түсініп, оны қорғаудың әр адамның борышы екенін айтты.
Апта дәйексөзі: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар» дегені – қоғамдық мүлікті қорғаудың тек материалдық аспектісін ғана емес, сонымен бірге ортақ ортаға және адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ұқыпты қараудың моральдық қағидатын бекітеді. Бұл – білімге ұмтылу мәдениетін өзара құрмет және әлеуметтік келісім рухында танымал етудің педагогикалық тәсілі екні жайында тереңірек ақпараттар тарқатылды.
Сынып жетекшісі Айнұр Мутанова оқушыларға қоғамдық мүлікті қорғаудың әр адамның борышы екенін түсіндіріп, педагог кәсібінің беделін арттырудың тәрбиелік және азаматтық мәнін көрсете білді. Мұғалім – білім беру реформаларын жүзеге асырушы ғана емес, сонымен бірге жауапты азаматтық сананы қалыптастырушы шешуші маман.
Оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, «Дұрыс – бұрыс» әрекеттерді ажыратып, өз ойларын ашық жеткізді. Сабақ өте әсерлі өтті, оқушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар, оқушылар қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауды және интернетте жеке ақпаратты қорғау мәдениетін меңгерді.
Бүгінгі тәрбие сағатын өткізудегі мақсат – жас ұрпаққа үнемшілдік, ұқыптылық және жауапкершілік құндылықтарын дарыту.
№19 мектеп-лицейіндегі «Қоғамдық мүлікті қорғау» тәрбие сағаты – Кентау қаласының білім беру жүйесінің «Жайлы мектеп» жобасының материалдық-техникалық жаңғыруын этикалық және азаматтық тәрбиемен теңдестіруге деген міндеттемесін көрсетеді. Жас ұрпаққа ортақ байлыққа жауапкершілікпен қарауды үйрету – Мемлекет басшысының саясатын қолдаудың және болашақ ұрпақтың саналы, ұқыпты және жауапты болуын қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады.

