Кентау қалалық білім бөлімінің бастамасымен Ө. Жәнібеков мектеп-гимназия базасында «Әдіскер-сабақта» жобасы аясында «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясын іске асыру тақырыбында тәрбие саласының әдіскері Н.Кузембаева тренинг сабақ өтті.
Тренинг сабаққа бөлімге қарасты жалпы білім беретін мектептердегі 7-11 сынып жас маман сынып жетекшілері қатысты. Тренинг – бұл педагог кәсібінің беделін арттыру және жас мамандарды кәсіби қолдау ісінің ең маңызды институционалдық құралы. «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру бағытында өткізілген «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясының мақсаты — кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің, оларға қарсы қылмыстардың, оның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алудың, балалардың жарақаттануының алдын алудың тиімді тетіктерін әзірлеу негізі болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептердегі 7-11 сынып жас маман сынып жетекшілеріне арналған бұл тренинг – мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытудағы реформаларды іске асырудың адами ресурсы болып табылатын жас педагогтардың әдістемелік дайындығын күшейтуге бағытталған.
Тренингтің негізгі тақырыбы – «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясын іске асыру – оқу бағдарламаларын жетілдірудің тек академиялық аспектісімен ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік және әлеуметтік аспектілерімен тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Тренинг барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында сынып жетекшілердің атқаратын рөлі түсіндіріліп, педагог кәсібінің жай ғана оқытушылық емес, баланың әлеуметтік бейімделуіне және құқықтық сана-сезімінің қалыптасуына тікелей жауапты әлеуметтік-педагогикалық маманның жауаптылығын арттырары сөзсіз.
Тәрбие саласының әдіскері Н. Кузембаева өткізген тренинг сабақта жас мамандар арасында ата-ана мен балалар қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Менің жақсы қасиетім», «Вирус» әдіс-тәсілдер және психологиялық жаттығулар қолданылды.
Жас мамандарға ата-ана мен бала қарым-қатынасын психологиялық жаттығулар арқылы түсіндіру – азаматтардың жасампаздық және прогрестілікті қолдауды педагогикалық практикаға енгізудің инновациялық жолы. Бұл – педагогтың өз әдістемесін үздіксіз жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастырады.
Кентау қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Әдіскер-сабақта» жобасы аясындағы тренинг – білім беру саласындағы қызметтің сапасын арттыруға және өскелең ұрпақ арасында педагог кәсібін танымал етуге қосқан маңызды үлес. Жас мамандарға кәсіби қолдау көрсету және бала қауіпсіздігін басты орынға қою – Кентау қаласындағы білімге ұмтылу мәдениетін және сапалы орта білім беруді дамытудағы стратегиялық бағытты айғақтайды. «Қауіпсіз балалық шақ» – Кентаудың жаңа білім беру жүйесінің негізгі құндылығы болып табылады.

