Мемлекет басшысының сөзінше, дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара болып тұрғаны ащы да болса шындық.
«Қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту – кезек күттірмейтін мәселе. Бізге жаңа ұстаным керек. Қазіргі күрделі жағдайда инвестиция тарту – уақыт күттірмейтін мәселе. Елде инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және неге қажет екенін нақты білу қажет. Тікелей инвестиция бойынша барлық үйлестіру жұмысы Премьер-министрдің құзырында болады. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ назар аудартатын жайт – елімізде бірде-бір мекеменің атауында «инвестиция» деген сөз жоқ. Инвестиция жетім баладай өз жолын таба алмай жүр. Сондықтан Премьер-министр 10 күн ішінде нақты ұсыныс енгізуі тиіс », – деген еді Президент.
Олжас Бектеновте өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа инвестициялық циклді іске қосу қажеттігін атап көрсеткенін баса айтты. Басты міндет – мемлекет тек бизнесті сүйемелдеп қана қоймай, жаңа жобаларды құруға және іске қосуға белсенді қатысатын үлгіге көшу арқылы белсенді инвестициялық саясатты жүзеге асыруды басымдыққа алғанымыз жөн деген еді.
Түркістан облысында инфрақұрылымды дамыту мақсатында жұмыстар күшейтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл қорытындысымен барлық елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарланған. Газдандыру, сапалы жарықпен және кәріз жүйесімен қамту бойынша да жұмыстар қатаң бақылауда. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандардың инфрақұрылыммен қамтылуының маңыздылығы орасан. Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары сараланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарға қатысты жауапты басқарма мен коммуналдық мекемелердің басшыларына және аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Сын-ескертпелер айтып, жұмысты күшейтуді тапсырды. Барлық жұмыстарды тұрақты қадағалауды, коммуналдық мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды.
Осы ретте, Түркістан қаласында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен өтіп жатқан «Turkistan International Investment and Tourism Forum – 2025» форумның өңір экономикасын дамыту, инвестиция тарту және туризм саласындағы жаңа серіктестіктерді қалыптастыру мақсаттары – өңірлерді дамыту мәселелерін кешенді және көп салалы тұрғыдан шешуде айтарлықтай септігі тиеді деп күтілуде. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков және ауданның 70-ке жуық жергілікті кәсіпкері форумға қатысып, шетелдік инвесторлармен кездесіп, ауданының сыртқы капиталға және жаңа технологияларға деген саналы ұмтылысының деңгейін айқындау мақсатында эеономикалық жағдайымен таныстырды. Бұл бағыт – ауданның жергілікті ресурстарға ғана емес, жаһандық капиталға сүйенген тұрақты экономикалық өсуге деген саяси еріктілігінің айғағы.
Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлының Созақ ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып, мал шаруашылығын дамыту, ет өнімдерін көбейту және оларды экспортқа бейімдеу бағыттары бойынша жобаларды таныстырып, өңірдің экономикалық ерекшелігін және стратегиялық басымдығын шетелдік сарапшылармен бірге талқылады.
Ет өнімдерін экспортқа бейімдеу – аудандық бизнестің шикізат сатушы бағытынан өңделген, қосымша құны жоғары өнім өндіруші бағдарына көшуін білдіреді. Бұл – өңірлердің әртүрлі салалардағы қызметін сапалы өзгертуге және халықаралық стандарттарға бейімделуге бағытталған сарапшылық қадам.
Форумда ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын жетілдіру, суару жүйелерін жаңғырту, агроөнеркәсіптік кешенге жаңа технологияларды енгізу мәселелері шетелдік сарапшылармен талқыланып, өңірлерде іске асырылатын жаңа жобаларды енгізу мен олардың тиімділігі таныстырылды. Жасыратыны жоқ, өңірлерде суару жүйелерін жаңғырту, әсіресе Созақ ауданының климаттық және табиғи жағдайларындағы аграрлық тұрақтылықты қамтамасыз етудің ең маңызды элементі қажеттілік тудырып отырғаны шындық. Ендеше, инвестиция тарту арқылы заманауи суару технологияларын енгізу – суды үнемдеуді, өнімділікті арттыруды және экологиялық қауіпсіздікті нығайтуды білдірумен қатар, бұл – тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласына жанама түрде технологиялық трансформация әкелетіні сөзсіз. Сонымен қатар, ауданнан барған кәсіпкерлер халықаралық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, Созақ ауданының жергілікті бизнесінің өндіріс көлемін арттыруға, жаңа экономикалық бағыттарды игеруге және нарыққа шығу жолдары бойынша тәжірибе алмасуда белсенділіктерін танытты. Жергілікті кәсіпкерлер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, серіктестік орнату мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында ұсыныстарын білдірді. Бұл – мемлекеттік саясатты, жергілікті бизнестің нақты қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік беретін тиімді кері байланыс арнасы екекніне дауымыз жоқ. Түркістан қаласында өткен халықаралық инвестициялық форумның Созақ ауданы үшін маңызы – экономикалық әлеуеттің тек таныстырылуында ғана емес, сонымен бірге өңірлерді дамытудың кешенді стратегиясын, яғни инвестиция, инфрақұрылым, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, бизнес жолдарын іске асыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Тақырыпты тарқата келе айтпағымыз, Түркістан қаласында өтіп жатқан «Turkistan International Investment and Tourism Forum – 2025» халықаралық инвестициалық форумнына Қытайдың ірі компаниялардың өкілдері қатысып, оларға өңірдің экономикалық жағдайы мен инвестициялық мүмкіндіктері кеінен таныстырылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлармен кезекті рет кездесу өткізіп, нәтижесінде өңірдегі аудан әкімдері мен кәсіпкерлер де іс-тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алды. Айта кетейік, өңірде инвестиция тарту, өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Алдағы уақытта форум жұмысы әлі де түрлі панельдік сессиялар және келіссөздермен жалғасын таппақ.

