Түркістан қаласындағы «Конгрес Холл» кешенінде өткізілетін «TURKISTAN INTERNATIONAL INVESTMENT & TOURISM FORUM» халықаралық форумы – бұл тек аймақтық іс-шара емес, сонымен бірге Қазақстанның ашық экономикалық саясатын, транспаренттілікті және инвестициялық тартымдылықты нығайтуға бағытталған саяси және экономикалық доктринаның нақты көрінісі екенін таныта білді. Осы форумға Бәйдібек ауданының шаруалары мен кәсіпкерлерінің шақырылуы – жергілікті бизнестің жаһандық экономикаға тікелей интеграциялануына мүмкіндік берудің стратегиялық қадамы десек те болады.
Форумның басты мақсаты – инвестициялық әлеуетті таныстыру, жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыру. Бұл – ауданның экономикалық өсуін ішкі ресурстармен ғана емес, сыртқы капиталмен де қамтамасыз етуге деген саналы ұмтылыс. Инвестициялар – технологиялық жаңғырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және өнім сапасын арттырудың катализаторы болып табылады.
Бұл форумға 200-ге жуық бизнес өкілдері қатысып, Қазақстанның Шығыстағы ең ірі экономикалық державамен стратегиялық әріптестікті тереңдетуге деген ұлттық мүддесін көрсетті. Форумға Қытай Халық Республикасының Шандунь провинциясы мен Баян-Ғол Моңғол автономиялық аймағынан келген инвесторлармен Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев те кездесті. Ол өз кезегінде ауданға инвесторлар тартып, инфроқұрылымды оңтайландыруға зор мүмкіндік екендігіне тоқталды. Айтулы шараның Бәйдібек ауданының ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларындағы өнімдерін, қызметтерін және жобаларын әлемдік нарыққа шығаруға теңдессіз мүмкіндік деуге де болады. Форум барысында ұйымдастырылатын келіссөздер (бизнес пен бизнестің тікелей байланысы) – жергілікті кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларды таныстыруға, халықаралық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға және жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге арналған нақты, практикалық алаң болып табылды. Бұл формат – әкімшілік кедергілерді азайтып, капиталдың ағынын жеделдететіні сөзсіз.
Жалпы, өңірлік дамуға зор үлес қосатын форум — Бәйдібек ауданының экономикалық және әлеуметтік трансформациясына айрықша үлес қосуымен бірге, алдағы уақытта шетелдік инвесторлармен өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге және жаңа жобаларды іске асыруға дайын екенін Бақыт Қырғызалиев тілге тиек етті. Өйткені, Бәйдібек ауданы – аграрлық аймақ болғандықтан, халықаралық инвестициялар ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, суармалы жерлерді кеңейту және заманауи агротехнологияларды енгізуге бағыттауға мүмкіндік бар. Қытайлық серіктестердің капиталдары мен тәжірибесі ауданның ауыл шаруашылығын экспортқа бағытталған, жоғары өнімді секторға айналдыруға жол ашатыны айқын. Сондай-ақ, нвестициялық жобаларды іске асыру – өңірдегі шағын және орта бизнесті масштабтауға және жаңа өнеркәсіптік өндірістерді іске қосуға жағдай жасайды. Бұл – ауданның экономикалық тәуелділігін бір сектордан азайтып, тұрақтылықты арттырудың стратегиялық жолы. Форумның халықаралық тәжірибе алмасуға, бизнес және мемлекеттік өкілдермен кездесулер, келіссөздер және жаңа серіктестік мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталуы – жергілікті кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға және әлемдік басқару, маркетинг және өндіріс стандарттарын қабылдауға мүмкіндік береді.
Бәйдібек ауданының шаруалары мен кәсіпкерлері үшін бұл форум – өз кәсіптерін дамыту мақсатында қаржы, технология және жаңа нарықтарға шығудың уақытылы және аса маңызды тетігі. Аудан басшылығының шақыруы – жергілікті кәсіпкерлікке деген жоғары сенімін және олардың өңірдің экономикалық келешегін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін көрсетеді. Форум арқылы тартылған әрбір инвестиция, орнатылған әрбір серіктестік – Бәйдібек ауданының салық базасын нығайтады, жұмыссыздықты азайтады және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Халықаралық интеграция – аудандық экономиканың тұрақты және қарқынды дамуының басты қағидасы болады деген үмітте жоқ емес.

