«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, бастамаларын, мақалалары мен сұхбаттарын Бәйдібек ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері пысықтап, жиі талқылау мақсатында бас қосуды үрдіске айналдырған. Осының айғағы, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Орманов Ербол Керімбекұлының қатысуымен Бәйдібек ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндіру жиынын өтті. Бұл басқосу тек ведомстволық шара ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың моральдық-этикалық қағидаттарын қайта қарауға және азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін теориялық және практикалық тұрғыдан нығайтуға бағытталған кешенді саяси ахуалдың өзектілігі мен пәрменділігін талқыға салу.
Шынтуайтқа келгенде, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын және этикалық мінез-құлық ережелерін сақтауы – құқықтық мемлекеттің саулығының және Әділетті Қазақстанды құру идеясының тікелей көрсеткіші. Әдеп жөніндегі уәкіл институты – сыбайлас жемқорлықтың тек құқықтық емес, сонымен бірге моральдық-этикалық тамырларын жоюға бағытталған ішкі бақылаудың стратегиялық тетігі екендігі сөзсіз.
Жиынға қатысқан аудан әкімдігі қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, коммуналдық мекеме жетекшілері және мемлекеттік қызметшілердің толық құрамда қатысуы – мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлеріндегі адам ресурстарының бірыңғай этикалық стандарттарды қабылдауға және жүзеге асыруға деген ортақ міндеттемесін білдіреді. Іс-шараны аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Әуен Фазылбек Мұхаддасұлы жүргізіп, аудандық әкімшіліктің этикалық стандарттарды басшылық деңгейде қолдауға және қызметшілердің мінез-құлқын ішкі бақылауға деген нақты жауапкершілікпен қарау қажеттігін басымдыққа алды. Кездесу барысындағы 2025 жылдың 9 айында аудан бойынша Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстардың талқылануы – әкімшілік басқарудың нәтижелілік, есеп берушілік және құқықтық-статистикалық талдау принциптеріне негізделетінінің жарқын көрінісі іспетті. Неге десеңіз, жииынның басты назарындағы мәселелердің бірі – қызметшілердің әлеуметтік желілердегі әрекеттері мен моральдық-әдеп нормаларын сақтауына мониторинг жүргізіліп, тәртіптік шараларының қаралғаны туралы ақпарат. Бұл – цифрлық дәуірдегі мемлекеттік қызметтің этикалық ландшафтының күрделенуін көрсетеді. Мемлекеттік қызметшінің жеке және кәсіби өмірінің арасындағы этикалық шекараның әлеуметтік желілердегі бұзылуы – қоғамдық сенімге және мемлекеттік институттардың беделіне тікелей қатер төндіретіні жасырын емес. Осы ретте, моральдық-әдеп нормаларын сақтауға мониторинг жүргізу – биліктегі қызметшілердің имиджін саналы түрде қалыптастыруға және ашық сынға жол бермеуге бағытталған қорғаныш механизмі екенін еске салып отырған оңтайлы.
Жалпы алғанда, тәртіптік шаралардың қаралуы – Әдеп кодексінің тек декларативті құжаты емес, құқықтық және міндетті нормалар жүйесі екенін және оны бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын нақты дәлелдейді. Ауданның әдеп жөніндегі уәкілі Фазылбек Мұхаддасұлының 2025 жылдың 10 айында Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асқанын баяндап өтуі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тек жазалаумен шектелмей, жүйелі алдын алу, ағартушылық және превентивті сипатқа ие екенін көрсетеді. Әрине, жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар – мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және әдепсіз мінез-құлықтың тамырын кесуге бағытталған кешенді реформалардың бір бөлігі екені сөзсіз.
Жиын соңында Ербол Керімбекұлының аудандағы бірқатар мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдап, көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті ұсыныстар айтып, назарға алып, талқылау өткізуі – әдеп уәкілінің қарым-қатынас және консультативтік қызметінің ерекше маңыздылығымен қатар, жеке қабылдау форматы – қызметшілердің әдептік және құқықтық міселелерін ашық талқылауға, оңтайлы шешімдерді табуға және ішкі шиеленістерді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл – мемлекеттік аппараттың ішкі мәдениетін тазартудың және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін күшейтудің тиімді механизмі.
Сөз соңын сараптай келе, Бәйдібек ауданындағы бұл іс-шара – жергілікті биліктің Мемлекет басшысының саяси бағытын – әдепті, ашық және сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекеттік аппаратты құру идеясын – табандылықпен іске асыруға деген қатаң міндеттемесінің нақты дәлелі деп қабылдауға болады.

