Ордабасы ауданындағы «Рамазан-Агро» ЖШС-нің қызметі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру және «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға қатысты тапсырмаларын іс жүзінде орындап отырған озық кәсіпорынның бірегейі десек болады. Бүгінгі таңда тұрақты «2029 жылға дейінгі халықтың кірісін арттыру бағдарламасының» негізгі қағидаттарына – өнімді еңбек, заманауи технологиялар және экспортты дамыту – толық сәйкес келіп отыр.
Кәсіпорынның жұмысы 2009 жылы құрылып, егін шаруашылығымен айналысқан. Негізгі бағыты – суармалы жерлерде мақта егу және өңдеу арқылы нарыққа жоғары сапалы өнімін шығаруды мақсат еткен. Бүгінгі таңда серіктестіктің қарамағында 723 гектар суармалы жер бар. Кәсіпорын осы алқаптарға Түркиядан әкелінген жоғары сапалы мақта сорттарын егіп, жыл сайын шамамен 4500 тонна мақта шикізатын жинайды. Жиналған өнім кәсіпорынның өз мақта өңдеу зауытында өңделіп, жылына 35 000 тоннаға дейін мақта талшығы өндіріледі. 77 қызметкері және маусымдық 300 жұмыс орны бар бұл серіктестік – Ордабасы ауданындағы әлеуметтік тұрақтылық пен «Еңбек адамы» құндылығының басты тірегіне айналып отыр. «Рамазан-Агро» серіктестігі өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында заманауи ауыл шаруашылық техникаларын кеңінен қолданады. Кәсіпорынның меншігінде 120-дан астам техника бар, олардың қатарында John Deere маркалы мақта жинайтын комбайндар, тракторлар, тіркемелер, тиегіштер мен басқа да заманауи жабдықтар бар. Сонымен қатар, шаруашылық өз алқаптарына жаңбырлатып суару жүйесін орнатқан. Бұл өздігінен жүретін инновациялық техника су ресурстарын үнемдеуге, сонымен қатар тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беруде.
«Рамазан-Агро» ЖШС өнімдері тек отандық нарықта ғана емес, шетелде де жоғары сұранысқа ие. 2016–2017 жылдары серіктестік Чехияның Cotton CZ S.R.O. компаниясымен үш келісімшарт жасап, тұрақты серіктестік орнатты. Сонымен қатар, шаруашылықтың өнімдері Беларусь, Ресей және Молдова елдеріне экспортталады.
Елiмiздiң оңтүстiгiнде суармалы егiншiлiк ертеден қолға алынып, соның iшiнде мақта шаруашылығы өңiрдiң бiр миллионға жуық халқының бiрден-бiр күнкөрiс көзi болып келедi. Мақта – техникалық дақыл ретiнде қоршаған ортаға, ауа райына, топырақтың құнарлылығына, әсiресе күн көзi мен ағын суға талғамы жоғары дақыл. Өсiрiп баптау – вегетация кезеңiнде мақта талабына сай агротехникалық iс-шаралар өз уақытында және сапалы жүргiзiлсе, өнiмдiлiктi әр гектардан 40-50 центнерге дейiн жеткiзуге болады.
Мақта талшығы осы өсiмдiктiң беретiн негiзгi шикiзаты болып табылады. Шиттi мақтада 30-38% талшық, 50-56% шит болады, ал, шитте 18-22% мақта майы бар. Одан 20-дан астам түрлi дайын бұйымдар шығаруға болады. Шиттi мақта – халық шаруашылығының тоқыма өнеркәсiбi, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшiн қажеттi шикiзат.
Шиттi мақтадан және қозаның вегетациялық өсiп-жетiлу барысындағы бөлiгiнен мынадай заттар жасап шығарылады: мақта-мата кездемелерi, жiптер, жасанды жiбек және терi, корд, былғары, фетр, парашют жасалатын кездемелер, тазартылған май, сабын, лак, күнжара, мал азығы, балық аулайтын аулар мен арқандар, тыңайтқыштар мен өсiмдiктi қорғау дәрi-дәрмектерi, спирт, тағамдық белок, химиялық заттар. 1 келi мақта талшығынан 5 метр ақжаймалық материал, 12 метр шыт немесе 20 метр бәтес, 1 келi шиттен 180-200 грамм май, 450 грамм күнжара, 360 грамм шит қабығы алынады. Ал, шиттен пластмасса, кино және фото пленкалары, линолеум, лак жасалады. 1 тонна шит қабығы 85 литр спирт, 300 келi құрылыс тақталарын, 28 келi көмiр қышқылын, 20 келi сiрке қышқылын бередi. Мақтаның қозапаясынан эпоксид араластырып, ыстық тәсiлмен сығымдау арқылы тақта материалдарын (ДСП) алуға болады. Оларды құрылысқа және үй жиїаздарын жасауға пайдаланады.
Мақта – елiмiздегi үлкен табыс әкелетiн 100 жылдық тарихы бар дақылдардың бiрi. Сондықтан осы саладағы мәселелердi бiрлесiп жүйеге түсiрсек қана мол өнiмге қол жеткiземiз. Сонда ғана қазақ мақтасы «Ақ алтын – елiмiзге бақ алтын» бола алады.
«Рамазан-Агро» ЖШС – Ордабасы ауданындағы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, халықтың кірісін арттыруға және заманауи жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге айтарлықтай үлес қосып отырған тұрақты кәсіпорын. Оның инновациялық тәсілдері мен экспорттық бағыты – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының ауылдық жерлердегі табысты іске асуының жарқын көрінісі.

