Кентау қаласындағы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы – Мемлекет басшысының халықтың кірісін арттыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі басымдықтарының жергілікті деңгейдегі кешенді нәтижесі. Аталған Бағдарламаның үш бағыты бойынша 4153 жұмыссыз азаматтың уақытша және тұрақты жұмыстармен қамтылуы – қаланың еңбек нарығындағы оң өзгерістерді және Үкіметтің әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі міндеттемелерінің орындалып жатқанын көрсетеді.
«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты – кәсіпкерлікті дамыту Кентау үшін ең тиімді бағыттардың бірі болды. Кәсіпкерлікке баулу мақсатында 178 адамның «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуы – бұл тек білім беру ғана емес, «Еңбек адамы» бейнесін – кәсіп иесі, жұмыс беруші ретінде қалыптастыру жұмысы.
Халық кірісін арттыру аясында, 116 тұлғаға республикалық бюджеттен 67,091 млн теңге көлемінде қайтарымсыз гранттың бөлініп, «2029 жылға дейінгі халықтың кірісін арттыру бағдарламасының» нақты іске асырылуда. Бұл гранттар табысы аз және көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге және жастарға бағытталуы – әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз етеді. Шағын несиемен 4 азаматтың қамтылуы да кәсіпкерліктің қаржылық қолдау тетіктерін әртараптандыруды көрсетеді.
Жұмысшы мамандықтар жылы және кадр даярлау моделі аясында бағдарламаның бірінші бағытындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – «Жұмысшы мамандықтар жылының» негізгі мақсаттарының біріне айналып отыр. Сұранысқа ие мамандықтар ішінде, даяшы және тігінші мамандықтары бойынша 30 жұмыссыз адамды оқытуға жолдау – еңбек нарығындағы сұранысқа тез жауап беруді және кадрларды даярлаудың жаңа моделін көрсетеді. Кентау сияқты қалада бұл шаралар көші-қонды реттеуге, яғни жергілікті халықты жұмыспен қамтуға басымдық беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік интеграция, яғни мүгедектігі бар азаматтарды қамту мәселесінде оңды өзгерістер жетерлік. Мысалы, еңбекке жарамды 213 мүмкіндігі шектеулі жұмыссыздың жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылуы – Мемлекет басшысының мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау және қоғамдық өмірге интеграциялау жөніндегі талаптарының толық орындалуына септігін тигізді. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша, «Бастау-бизнес» (13 адам), грант (6 адам) және тұрақты жұмыспен қамту (113 адам) сияқты әр түрлі шаралардың қолданылуы – әрбір мүгедектігі бар азаматтың еңбек ету әлеуетін барынша іске асыруға бағытталып отыр. Бұл, Кентау әкімдігінің бұған дейінгі аппараттық жиында қараған есебіндегі 220 адам жұмыспен қамтылған көрсеткіштің бір бөлігі.
Бағдарламаның үшінші бағыты мен «Жұмыспен қамту жол картасы» (ЖҚЖК) Кентаудағы жұмыспен қамтудың кешенділігін көрсетеді. Атап айтқанда, цифрлық жұмыспен қамту: «Enbek.kz» порталы арқылы 2047 жұмыссыз азаматтың тұрақты жұмысқа орналасуы – Үкіметтің цифрлық технологияларды қолдану арқылы жұмыспен қамтуды жеңілдету саясатының тиімділігін көрсете білді. Сондай-ақ, ЖҚЖК шеңберінде 2 нысанның іске асырылып, 134 жаңа жұмыс орнының жоспарлануы және оған 67 жұмыссыз азаматтың жолдануы – қаладағы инфрақұрылымды жетілдіру арқылы жұмыспен қамтуды байланыстырудың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.
Тақырыпты тарқата келе, «Еңбек» бағдарламасының Кентаудағы іске асырылуы – Мемлекет басшысының еңбек саясатын, кірісті арттыру стратегиясын, әлеуметтік қамсыздандыруды және кәсіби кадрларды даярлауды қамтитын кешенді саясатының тиімді нәтижесі. Бұл жұмыс – Кентау қаласындағы еңбек адамының әлеуетін арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

