Қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуда жастармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының маңызы ерекше. Осы мақсатта Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен студент жастармен жоспарлы кездесу өтті. Бұл іс-шара жастардың өзекті мәселелер бойынша құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға бағытталды. Кешенді кездесудің басты басымдығы, бірлескен күштің аясын кеңінен насихаттау.
Жиынға қаланың бірқатар маңызды мемлекеттік органдарының жауапты қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында:
- Шымкент қалалық полиция департаменті (Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы);
- Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі;
- Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»;
- «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қалалық филиалы;
- Шымкент қалалық әйелдер кеңесі және Әл-Фараби ауданы әкімдігінің мамандары болды. Мұндай кешенді құрам — жастарға бір мезгілде құқық, әлеуметтік және рухани салалар бойынша толық ақпарат беруге мүмкіндік береді. Студент жастар контингентімен өткен кездесуде сала мамандары бүгінгі қоғамдағы ең өзекті тақырыптарды қозғады. Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселелер:
- Құқықтық мәдениетті арттыру: Жастардың құқықтық сауаттылығын нығайту және заңға құрметпен қарауды қалыптастыру.
- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: Отбасылық құндылықтарды сақтау және қоғамдағы зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын енгізу.
- Діни сақтық: Жастарды кереғар діни ағымдардың деструктивті ықпалынан сақтануға шақыру және діннің шынайы мәнін түсіндіру.
Әлеуметтік қолдау: Мемлекет тарапынан берілген кепілді медициналық көмекті алудың жолдары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңызы.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, студенттер күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өздерін мазалаған өзекті сауалдарға нақты әрі толық жауаптар алды. Ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің бұл жұмысы жастардың құқықтық санасын оятып, оларды теріс идеологиялардан қорғауға, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауға бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылып жатқанын көрсетеді.

