2025 жылдың 27 маусымынан 27 шілдесіне дейін қала аумағында “Қауіпсіз қала” жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Бұл ауқымды акция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Осыған орай, Шымкент қалалық полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторлары халық арасында белсенді түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
“Қауіпсіз қала” – бұл қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған маңызды әлеуметтік акция. Іс-шара барысында құқық қорғау органдары, жергілікті әкімдіктер мен қоғамдық ұйымдар бірлесіп, азаматтардың қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырады. “Қауіпсіз қала” акциясының мақсаты, ұрлық, былғары және интернет-алаяқтық сияқты қылмыстарға қарсы тұру. Зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтарға қоғам назарын аудару. Оның ішінде отбасылық зорлық-зомбылық, ұсақ бұзақылық сияқты проблемаларға назар аударып, алдын алу. Халықтың заңды білуін, құқықтық нормаларды сақтауын арттыру. Балалар мен әйелдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни оғамның ең осал топтарын зорлық-зомбылықтан және басқа қауіптерден қорғауға басымдық беру. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастардың бейуақытта жүруіне шектеу қойып, олардың түрлі қылмыстарға жол бермеуін қатаң бақылау міндеттелген.
Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тұрғындармен тығыз байланыс орнату, полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтып, азаматтарды қылмыс туралы ақпарат беруге ынталандыратыны сөзсіз. Учаскелік полиция инспекторларын халықпен тікелей жұмыс істеуі – іс-шараның ең тиімді бағыттарының бірі. Олар үй аралап, тұрғындармен кездесулер өткізіп, маңызды мәселелер бойынша түсіндірме жүргізеді. Басты басымдық мүлікті ұрлықтан қалай қорғау керектігі, пәтер ұрлығының алдын алу жолдары және алаяқтардың жаңа схемалары, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді қорғау. Алкогольдік ішімдіктер мен есірткінің зияны мен қоғамдық орындардағы бұзақылықтың алдын алу ескертіледі.
Қоғамдық тәртіпті және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл тек құқық қорғау органдарын ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.