Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Балуан Шолақ көшесі №103 үйдің тұрғыны, көпбалалы отбасының отағасы Нұрмашов Нұрғазы Асылбекұлы өткен жылы ол өзінің кәсіпкерлік бастамасы – фаст-фуд бизнесін дамыту үшін мемлекеттен 1 476 800 теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант ұтып алған жанның бірі. Бұл жеңіс Нұрғазыға тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар өз арманын жүзеге асыруға және отбасының әл-ауқатын арттыруға зор мүмкіндік берді. Бұл жағдай мемлекеттің шағын және орта бизнесті, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдауға бағытталған тиімді саясатының тағы бір айқын көрінісі десек артық айтқандық емес.
Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар – бұл кәсіпкерлікке алғаш қадам басқан азаматтар үшін берілетін үлкен мүмкіндік. Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін мұндай қаржылық қолдау отбасының тұрмыстық жағдайын жақсартуға, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және балаларына лайықты болашақ құруға зор ықпал етеді. Нұрғазы Нұрмашовтың бұл грантты жеңіп алуы – оның кәсіпкерлікке деген жігерінің, табандылығының және бизнес-жоспарының мұқият әзірленгенінің нәтижесі.
Нұрғазы Асылбекұлы таңдаған фаст-фуд бизнесі – қазіргі таңда сұранысқа ие және жылдам дамитын сала. Әсіресе, ауылдық жерлерде сапалы және қолжетімді фаст-фуд өнімдеріне деген қажеттілік артып келеді. Заманауи өмір салты, уақыттың тапшылығы және жастардың сұранысы бұл бизнестің келешегі зор екенін көрсетеді. Грант қаражаты оған қажетті жабдықтарды (гриль, фритюр, тоңазытқыш, пештер), ас үй ыдыстарын, алғашқы шикізатты сатып алуға және фаст-фуд нүктесін іске қосуға мүмкіндік алды. Нұрғазы Нұрмашовтың кәсіпкерлік бастамасы бойынша ашылған фаст-фуд нүктесі, бүгінде аймақ тұрғындары үшін қажеттілікке жарауда. Көпбалалы отбасының отағасы ретінде, ол үнемі отбасы мүшелерін қамтамасыз етудің жаңа жолдарын ізденіп, тың идеяларының түбінде орындалғанын мақтаныш санайды. Бүгінгі күні нарықтық сұраныста ауылдық жерлерде сапалы әрі тез тамақтану орындарының жетіспеуі мен оларға деген сұраныстың арта бастағаны шынайылық. Сонымен қатар, Фастфуд өнімдерінің бағасы тұрғындар үшін қолайлы әрі қолжетімді екен. Оған қоса бұл бизнес түрі жылдам айналымға түсіп, тұрақты кіріс әкелуде және шағын фаст-фуд нүктесін басқару үлкен мейрамханаларға қарағанда оңайырақ дейді кәсіп иесі.
Ақсукент ауылының тұрғыны Нұрғазы Нұрмашовтың фастфуд нүктесі тек оның отбасына ғана емес, сонымен қатар бүкіл ауылға пайда әкеліп отырғанын сөз арасында естідік. Болашақта ол өз өнімдерінің ассортиментін кеңейтіп, жергілікті тұрғындардың тамақтану қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізу бағытында жұмыстар жасап жатқанымен бөлісті. Бизнестің кеңеюімен жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі де туады, бұл ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жұмыссыздықты азайтуға үлес қосатыны сөзсіз.
Жалпы Фастфуд өнімі жайындағы дерек көздеріне сүйенсек, ол — өте тез дайындалып, қолжетімділігі жоғары саналатын тағамдар қатарына жатады екен. «Фастфуд» термині тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы. 1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған екен. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасы мен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма тереңірек ойланбаған сыңайлы. Сонымен, 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald’s компаниясы бой түзейді. Сол жылдан бастап McDonald’s компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болып келген. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald’s ресторанына баратын көрінеді. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллиард долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды. АҚШ-тың өзінде фастфуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald’s Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады.
Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанып жүрген жағдайлар да бар. Жалпы, мемлекеттік гранттардың мақсаты – тек кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру, өзін-өзі қамтамасыз етуге ынталандыру және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Нұрғазы Нұрмашовтың мысалы – осындай мемлекеттік қолдау шараларының нақты нәтиже беріп, адамдардың өмірін өзгертіп жатқанының айқын дәлелі. Өз армандарды жүзеге асыру жолындағы Нұрмашов Нұрғазы Асылбекұлының қадамы фастфуд бизнесіне мемлекеттік қайтарымсыз грант алуы – оның кәсіпкерлікке деген ұмтылысының және қажырлы еңбегінің жемісі. Бұл оқиға көпбалалы отбасы үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашып қана қоймай, сонымен қатар басқа да жаңа бастамашы кәсіпкерлерге үлгі болып, шабыт береді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау, өз кезегінде, шағын және орта бизнестің дамуына, сондай-ақ өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Шынайылығына келгенде, еңбек адамының қалыптасуына оның қабілеттілік қасиеттерінің басым болуының әсері мол. Әсілінде, адам еңбек арқылы табиғатқа әсер ететіні шындық. Міне, Ақсукенттік Нұрғазыға да өз кәсібінің жолын тауып, өзінің де, отбасының да әлеуетінің артуына, көш ілгері жүруіне үлесін қосып отырған жандардың бірі. Ендеше, еңбек жолындағы табысына кенеліп, ілгерілей беруіне ниеттеспіз.

