Негізінен алғанда Түркістан облысының Сайрам ауданы кез келген тірліктің көзін тауып, әрі қарай көркейтіп, дамытып алып кетуге өте қолайлы аумақ. Әрине, ең бастысы жұмыс жасап жүрген адамның ынтасы мен бір тірліктің көзін тауып, іргелендіріп әкетуінде екені шындық. Ия, ауданымызда ондай жандар баршылық. Солардың бірі — Сайрам ауданының Манкент ауылы, Наваи көшесі №3/2 үйдің тұрғыны, көпбалалы отбасы санатындағы Эгамбердиев Шавкат Азатқұлұлы. Анығын айтқанда, Шавкат Азатқұлұлы үшін 2024 жылдың маусым айы айтулы оқиғаларға толы болды. Ол өзінің тың бастамасы – бөдене шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттен 1 476 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алып, арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Бұл оқиға мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауға, әсіресе әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге бағытталған саясатының жарқын көрінісі болып жатқаны қуанышты да, құптарлық жағдай екендігіне дауымыз жоқ.
Егерде ақпарат көздеріне сүйенетін болсақ, бөдене құсының еті мен жұмыртқасының адам ағзасына пайдасы шаш етектен екен. Мысалы, Жапонияда әрбір бала күніне екі бөдене жұмыртқасын жейді. Ресей президенті Владимир Путин де оны күн сайын шикілей ішетін көрінеді. Ал, тарихқа көз жүгіртсек, Шыңғыс ханның өзі жаралы жауынгерлеріне жұдырықтай ғана бөдененің жұмыртқасын ішкізіп, аяққа тұрғызған екен. Өйткені, бөдененің еті де, жұмыртқасы да мың түрлі дертке дауа. Адамның ойлау қабілетін арттырып, ағзаны түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Ал, дәмі тіл үйіреді, әрі тойымды. Дәлірек айтсақ, кәдімгі тауық жұмыртқасына қарағанда, бір грамм бөдене жұмыртқасы құрамында А және D дәрумендері екі есе көп, деп жазады Muslim.kz. В тобындағы дәрумендер де анағұрлым, яғни алты есе, фосфор, калий және темір төрт-бес есе жоғары. Бұл диеталық өнімде мыс, кобальт, никотин қышқылы мен амин қышқылы да мол. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауықтардікіне қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл ғалымдарды әлі күнге дейін қайран қалдыруда.
Өнімнің ең басты ерекшелігі – өз қасиетін жоймай ұзақ сақталуында. Бөлме температурасы жағдайында айға жуық, ал тоңазытқышта 60 тәулікке дейін сақтауға болады. Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеті де ерекше. Мамандар бөдене жұмыртқасын әсіресе, балаларға, қарттарға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге, сырқат және әлсіз жандарға жиі тұтынуға кеңес береді. Себебі, бұл өнімнің адамның иммунитетін көтеріп, сергітетін қуаты мол. Нақтыласақ, бөдене жұмыртқасы мынадай ауруларға таптырмас ем: бас ауруына; демікпе мен туберкулезге; қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттейді; бүйрек, өкпе, асқазан, ішек ауруларын, асқазан жарасын жазады; фосфор, калий, темірдің әсерінен есте сақтау қабілеті жақсарады; анемияға; сәуле ауруларына; бөртпе пен диатезден құтқарады; салқын тию мен тұмауға; бұлшық ет пен сүйектерді қатайтады; баланың есте сақтау қабілетін арттырады; диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды ағзадан тазартады; адамды жасартатын қасиетке ие (бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қат өнім саналады);
Сонымен қатар, жұмыртқаның аршылған қабыршағын тастамай жуып, газ немесе «әсел» пешінде сәл кептіріп, кофе ұнтақтаушыдан өткізуге болатындығын қолданғандар айтуда. Олар дайындалған ұнтақты ірімшік, айран, тамаққа, болмаса суға бір шәй қасықтан қосып ішуге кеңес береді. Өйткені, оның құрамында 90 пайыз кальций мен 27 микроэлементтер бар. Ал зерттеулерге сүйенсек, дәріханаларда сатылатын кальцийлерге қарағанда бөдене жұмыртқасы қабығындағы кальций адам ағзасына өте сіңімді. Бұдан басқа, ол ағзаға аса қажет мыс, фтор, күкірт, кремний, мырышқа бай. Сондықтан ұсақталған жұмыртқа қабығын балалар мен жүкті келіншектерге ұсынған абзал. Ағзадағы кальцийдің молайып, сүйектердің қатаюына игі ықпалын тигізеді. Тістердің маржандай тізіліп, бүлінбеуіне де әсер етеді. Ал, жұмыртқа құрамындағы лецитин заты қандағы холестеринді төмендетеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның беліндегі қуаты артады. Бірақ та, жүрек дертінің атеросклероз түрімен ауыратындар мен оның алдын алушылар бөдене жұмыртқасын аз мөлшерде қолданғаны абзал. Өйткені, бөдененің еті де, жұмыртқасы да мың түрлі дертке дауа. Адамның ойлау қабілетін арттырып, ағзаны түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Ал, дәмі тіл үйіреді, әрі тойымды. Дәлірек айтсақ, кәдімгі тауық жұмыртқасына қарағанда, бір грамм бөдене жұмыртқасы құрамында А және D дәрумендері екі есе көп, деп жазады Muslim.kz. В тобындағы дәрумендер де анағұрлым, яғни алты есе, фосфор, калий және темір төрт-бес есе жоғары. Бұл диеталық өнімде мыс, кобальт, никотин қышқылы мен амин қышқылы да мол. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауықтардікіне қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл ғалымдарды әлі күнге дейін қайран қалдыруда.
Жалпы алғанда, мемлекеттік гранттың маңыздылығы соншалықты, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отырғандығы шаруа адамдардың жағдайын жақсартып қоймай, ел экономикасының ілгерілеуіне де өзіндік үлесін қосуда. Себебі, қайтарымсыз грант – жаңа бастамашы кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін бұл қаржылық қолдау отбасының әл-ауқатын жақсартуға, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және балаларына лайықты болашақ құруға зор септігін тигізеді. Шавкат Эгамбердиевтің грантты жеңіп алуы – оның өз ісін ашуға деген ұмтылысының, еңбекқорлығының және бизнес-жоспарының нақтылығының нәтижесі деп ауыз толтырып айтуға болады.
Дерек көздеріне сүйенсек, бөдене шаруашылығы – Қазақстанда әлі толыққанды дамымаған, бірақ үлкен әлеуеті бар сала. Бөдене еті мен жұмыртқасы – диеталық, пайдалы өнімдер, оларға деген сұраныс тұрақты өсуде. Осы тұрғыдан алғанда, Шавкаттың таңдауы өте дұрыс және келешегі зор. Грант қаражаты оған қажетті жабдықтарды (торлар, инкубаторлар, жемшөп) сатып алуға, бөденелердің алғашқы партиясын алуға және шаруашылықты іске қосуға мүмкіндік бергенін шаруа мақтанышпен айтады.
Шавкат Азатқұлқлының кәсіпкерлікке деген қадамы, оның ішінде бөдене шаруашылығын бастау туралы идеясы кездейсоқ пайда болған жоқ. Көпбалалы отбасы ретінде, ол үнемі тұрақты табыс көзін іздеуде болды. Бөдене шаруашылығын таңдауының бірнеше себебі болғандығымен бөліскен шаруа, төмен бастапқы инвестицияның көзі болып табылатын, яғни басқа мал шаруашылығына қарағанда, бөдене өсіруге бастапқы капитал аз қажет ететінін аңғарған. Жылдам өнімділікіктің көзі болып табылатын бөденелер, өте тез өседі және жұмыртқалай бастайды, бұл шаруашылықтың жылдам айналымға түсуіне мүмкіндік береді екен. Бөдене өнімдерінің диеталық және емдік қасиеттеріне байланысты нарықта оған деген сұраныс жоғары екені белгілі. Бөденелерді аз орында, демек шағын аумақта өсіруге, баптауға болады, әрине мұндай жағдай ауылдық жердегі шағын үй шаруашылықтары үшін қолайлы.
Шавкат Эгамбердиев бұл грантты алу үшін тиісті оқытулардан өтіп, бизнес-жоспарды мұқият дайындағаны сөзсіз. Мемлекеттік бағдарламалар аясында қайтарымсыз гранттар конкурс негізінде беріледі, бұл үміткерлерден нақты идея, есептелген бизнес-жоспар және оны жүзеге асыруға деген ынтаны талап етеді. Шавкаттың бұл талаптарға сай болғаны оның жеңімпаз атануына жол ашты. Манкент ауылындағы бөдене шаруашылығының дамуы тек Шавкаттың отбасына ғана емес, бүгінгі таңда бүкіл ауылға пайда әкелуде десек қателеспейміз. Болашақта ол өз өнімдерін жергілікті базарларға, дүкендерге, мейрамханаларға жеткізіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортиментін кеңейтсем деген жоспарларымен де бөлісті. Шаруашылықтың кеңеюімен жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі де туады, бұл ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосатыны әлбетте. Тарқатып айтқанда, мемлекеттік гранттардың мақсаты – тек кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру, жұмыссыздықты азайту және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Шавкат Эгамбердиевтің мысалы – осындай мемлекеттік қолдау шараларының нақты нәтиже беріп жатқанының айқын дәлелі.
Ия, Шавкат Азатқұлұлы Эгамбердиевтің бөдене шаруашылығына мемлекеттік қайтарымсыз грант алуы – оның кәсіпкерлікке деген ұмтылысының және қажырлы еңбегінің жемісі. Бұл оқиға көпбалалы отбасы үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашып қана қоймай, сонымен қатар басқа да жаңа бастамашы кәсіпкерлерге үлгі болып, шабыт береді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау, өз кезегінде, ауыл шаруашылығының дамуына және өңірдің экономикалық әлеуетінің артуына ықпал етеді. Шавкаттың бөдене шаруашылығын табысты дамытып, алға қойған мақсаттарына жетуіне жіне де жасап отырған істерінің ілгерілеп, өсіп, дамуына, сондай-ақ оның өнімдеріне деген сұраныстың арта түсуіне тілеулеспіз.