Ағымдағы жылдың 20-шы маусым күні Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Әмірханұлы Сейсенов өзі басқаратын басқарма атынан Қоян-қолтық ұрыстан Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кубогына қатысатын қызметкерлерге арнап маңызды түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, турнирде сәттілік тіледі. Бұл кездесу қызметкерлердің рухын көтеріп, оларды жеңіске жетелеуге бағытталған маңызды қадам болды.
Спортпен шұғылданудың төтеншелік қызметкерлер үшін маңызы мен міндеті қатар жүретіні жасырын емес. сСебебі, Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қызметі үнемі физикалық және моральдық шыдамдылықты талап етеді. Спорт, әсіресе қоян-қолтық ұрыс сияқты күрес түрлері, олардың бойындағы дене дайындығын, анығын айтқанда күш, төзімділік, ептілік сияқты физикалық қасиеттерін арттырады. Олар өздерінің рухтық күшін — батылдыққа, жігерлілікке, жеңіске деген ұмтылыс сияқты моральдық қасиеттерін де шыңдайды. Ал, спорттағы қатаң тәртіпті сақтау қызметтегі тәртіптілікке де оң әсер етеді. Кез келген уақытта кездесетін күрделі жағдайларда сабырлық сақтауға және жылдам шешім қабылдауға, жалпы күйзеліске төзімділікті үйретеді. Осы ретте командалық рухты тигізер пайдасы орасан. Өйткені жаттығулар мен жарыстар барысында командамен жұмыс істеу дағдылары дамиды. Осы себепті, Төтенше жағдайлар департаменті спорттық іс-шараларды үнемі қолдап, қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасайды.
Анығын айтқанда, басқарма бастығы Асқар Сейсеновтың турнирге қатысатын қызметкерлермен кездесуі және оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуінің символдық маңызы зор. Басшының жеке қолдауы және мотивациялық сөздері спортшылар үшін үлкен жігер береді. Бұл кездесу барысында, полковник Асқар Сейсенов турнирдің маңыздылығына ерекше тоқталып, жіті түсіндірді. «Жарыстың тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар Департаменттің беделін арттыратын, бірлік пен командалық рухты нығайтатын шара. Сол себебті мұндай шаралардың жиә өткізіліп отырғаны бәріңіз үшін маңызды. Біздің қызмет, қауіп пен қиындығы басым екені жасырын емес. Сол үшін де шапшаң, шымыр, ширақ болуымызға күнделікті спортпен шүғылданудан бөлек, спортқа бейімділігімізді анықтап отырғанымыздың пайдасы орасан»,- деді департамент басшысы.
Сонымен қатар, спортшылардың дайындығына сенім білдіріп, қызметкерлердің бойындағы күш-жігерге, табандылыққа және дайындығына сенетінін жеткізіп, олардың жеңіске жетуге толық мүмкіндігі бар екенін айтты. Әділ ойын мен жарыс ережелерін сақтап, батыл және адал күрес жүргізуге шақырды. Әрбір спортшыға жеке-жеке сәттілік тілеп, жарыста өздерін толық көрсетулеріне тілектестік білдірді.
Әрине, мұндай қолдау қызметкерлердің жарысқа деген ынтасын арттырып, олардың моральдық-психологиялық дайындығын нығайтады. Бұл тек спорттық көрсеткіштерге ғана емес, сонымен қатар олардың күнделікті қызметтік міндеттерін орындаудағы тиімділігіне де оң әсерін тигізеді. Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Асқар Әмірханұлы Сейсеновтың қызметкерлерге көрсеткен қолдауы – олардың тек кәсіби тұрғыда ғана емес, сонымен қатар спорттық және жеке дамуына да көңіл бөлетінінің дәлелі. Қоян-қолтық ұрыс турниріндегі сәттілік тілектері мен түсіндірме жұмыстары спортшылардың жеңіске деген жігерін оятып, Төтенше жағдайлар департаментінің бірлігі мен мызғымастығын көрсетеді.