Естеріңізде болса, 14-ші маусым – жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік донор күні. Бұл күн адамзаттың ең ізгі қасиеттерінің бірі – өмірді құтқаруға деген ұмтылысын айқындайды. Қан донорлығы – кез келген уақытта кез келген адамға қажет болуы мүмкін өмірлік маңызды процедура.
Әсіресе, төтенше жағдайларда, жол апаттарында, күрделі операцияларда немесе ауыр дерттермен күресте қанның тапшылығы адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Донорлық қан – осы кездегі жалғыз үміт. Әрбір донордың бір тамшы қаны бір адамның өмірін сақтап қалуға немесе оның денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сондықтан, қан тапсыру – бұл тек қайырымдылық актісі ғана емес, сонымен қатар азаматтық парыз, әлеуметтік жауапкершілік. Бұл күннен төтеншеліктерде шет қалмады. Адамдардың өмірін сақтап қалу үшін күнделікті қауіп-қатермен бетпе-бет келетін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де бұл игі бастамаданы азаматтық борышы санап, яғни қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла қағидатын шынайылықпен қабылдады. Анығын айтқанда, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және басқармаға қарасты №1 және №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырып, өмірге мұқтаж жандарға үлкен үміт сыйлады. «Бір тамшы қан – бір өмір» демекші, өз қанын өзгеге ұсына отырып, өлім аузындағы адамға өмір сыйлаған Төтенше жағдайлар қызметкерлері – алғы шептегі батырлар десек артық айтқандық емес. Шындығына келгенде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күнделікті өздерін қауіп-қатерге тігіп, адамдардың өмірін құтқаруда алғы шепте тұрады. Олардың жұмысы тек өртті сөндірумен, апаттардың салдарын жоюмен шектелмейді. Олар сондай-ақ қоғамдағы қайырымдылық пен гуманизмнің үлгісін көрсете біледі. Қан тапсыру акциясына қатысуы – олардың адам өміріне деген ерекше құрметі мен жанашырлығының айқын дәлелі. Өрт сөндірушілер, әсіресе, өз қызметтері барысында көптеген жарақат алған және қан жоғалтқан адамдармен кездесетіндіктен, қанның қаншалықты құнды екенін жақсы түсінеді. Түркістан қаласының №1 және №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерінің бұл бастамасы – тек өмірді сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар басқа азаматтарды да осы игі іске үлес қосуға шабыттандыратын маңызды қадам. Олар өздерінің ерік-жігерімен және қайырымдылықпен қоғамға үлгі көрсетті.
Акцияның ұйымдастырылуы және маңыздылығына тоқталар болсақ, қан тапсыру акциясының Дүниежүзілік донор күніне орайластырылып өткізілуі оның символдық маңызын арттыра түсті. Іс-шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, донорларға қажетті жағдай жасалды. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің бақылауымен қан тапсыру процесі қауіпсіз және ұйымдасқан түрде өтті. Мұндай акциялардың тұрақты түрде өткізілуі, қан қорын толықтыруға және оның қажеттілік кезінде қолжетімді болуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар, оғамдағы донорлық мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Халықтың әлеуметтік жауапкершілігін арттырады. Адамдар арасындағы өзара көмек пен жанашырлықты нығайтады. Осы ретте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің бұл бастамасы – олардың кәсіби міндеттерінен тыс, адами құндылықтарға деген адалдығының көрінісі. Олардың ерікті түрде қан тапсыруы – осындай қиын мамандық иелерінің әрбір адамның өмірін бағалайтынын және оған жанашырлықпен қарайтынын дәлелдейді. Қан тапсыру арқылыкез келген адамға ең құнды сыйлық – өмірді сыйлауға мүмкіндік аласыз. Бір немесе бірнеше өмірді сақтап қала аласыз. Көбіне адамдар төтенше жағдай кезінде, әсіресе әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған кезде көмекке келіп жатады. Ал, біздің төтеншеліктер қай кезде де, қандай жағдайда да көмекке дайын.
Ия, 14 маусым – Дүниежүзілік донор күніне орай Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және оның өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерінің қан тапсыру акциясы – қайырымдылық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі іспеттес болды. Бұл іс-шара тек қан қорын толықтырып қана қоймай, сонымен қатар қоғамдағы донорлық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Өмірді құтқару – Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің басты міндеті, ал қан тапсыру арқылы олар бұл миссияны одан әрі тереңдете түсті. Олардың бұл ерлігі мен ізгі ісі көптеген адамдарға үміт сыйлап, өмір сүруге деген сенімін арттырары сөзсіз.