Мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі, қасиетті Құрбан айтта келіп жетті. Әрбір мұсылман бұл қасиетті күндерді асыға күтіп, жағдайы келген адам құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады.
Ата-бабаларымыз бұл күндері ұлық мерекені құрмет тұтып, ерекше киімдерін киіп, жақын-туғандарын аралап: «Айт қабыл болсын!», «Айт құтты болсын!» деген сөздермен ізгі ниеттерін білдіріп, балаларға айттық сыйлықтар беретін болған. Бұл күндерді ұлықтап, адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлауға тырысады.
Құрбан айт – әлем мұсылмандары үшін ерекше маңызға ие, рухани құндылықтарға толы қасиетті мереке. Бұл күндері мешіттерге адамдар көп жиналып, отбасылар табиғат аясына шығып, достар мен туыстар арасындағы байланыстар нығаяды. Осы ретте мерекелік көңіл-күй мен тыныштықты қамтамасыз ету мен ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері белсенді түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Аудан орталығындағы мешітке жиналған жамағатқа арнайы кешенді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шараның басты бағыты – азаматтардың мереке күндері жиі кездесетін судағы қауіпсіздік және дала өрттерінің алдын алу шаралары бойынша маңызды ақпарат пен практикалық кеңестер беру болды.
Судағы қауіпсіздікті сақтау – бүгінгі таңда өмірлік маңызды ережелерге басымдық беру болып есептеледі. Себебі, жаз мезгілінің қызған шағында және мереке күндері су айдындарына баратындардың саны артатыны белгілі. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары судағы қауіпсіздік ережелерін жіті ескертті. Олардың назарына, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынатыны, мұндай жерлерде арнайы құтқару қызметтері болмауы, су түбінің қауіпті болуы, тереңдік айырмашылықтарының кенет өзгеруі адам өміріне қауіп төндіретіні ескертілді. Сонымен қатар, балаларды су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмаудың маңыздылығы мен ересектердің бақылауысыз қалған балалардың суға кету қаупі әлдеқайда жоғары. Сол үшін ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне толықтай жауапты екендігі айтылды. Мас күйде суға түсудің өмірге аса қауіпті екендігі де ескертілді. Құрбан айт мерекесі жаз айларына тура келетіндіктен, далалық аймақтарда, егістік алқаптарында және орманды жерлерде өрт қаупі айтарлықтай артады. Құрғақ шөптер, ағаштардың бұтақтары өрттің тез таралуына себеп болады. Төтенше жағдайлар қызметкерлері осы мәселеге ерекше назар аударып, тұрғындарға отты жағу кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтауды, тек арнайы бөлінген жерлерде жағып, оны бақылаусыз қалдырмау керектігі түсіндірілді. Тіпті кішкентай ұшқынның өзі үлкен өртке ұласу қаупін: Әсіресе, желді күндері кішкене ұшқынның өзі бірнеше минут ішінде үлкен аумақты шарпып кетуі мүмкін. Шылым тұқылдарын, сіріңкелерді және басқа да жанғыш заттарды табиғатта тастамауды: Олардың дұрыс сөнбеуі өрттің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» бірыңғай құтқару нөміріне хабар берудің өмірлік маңыздылығын баса айтты. Шара барысында мешітке жиналған жамағатқа арнайы әзірленген, сақтық шаралары мен шұғыл әрекет ету алгоритмдері жазылған жадынама парақтары таратылды. Бұл жадынамалар адамдарға қауіпсіздік ережелерін үйде де қайталап, есте сақтауға, сондай-ақ отбасы мүшелерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындармен тікелей диалог орнатып, олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Бұл тікелей байланыс халықтың қауіпсіздікке деген сенімін арттырып, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға саналы түрде атсалысуына ықпал етері сөзсіз.
Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Құрбан айт мерекесі қарсаңында жүргізген бұл ауқымды түсіндіру жұмыстары – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам. Мұндай іс-шаралар азаматтардың жеке жауапкершілігін арттырып, олардың өздерінің және айналасындағылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға деген саналы қарым-қатынасын қалыптастырады. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мереке күндері де халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қызмет етуі – олардың кәсіби борышына адалдығының жарқын көрінісі және мемлекеттік органдардың халыққа деген қамқорлығының айқын айғағы.