Елімізде тұрақты ортаны жұру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы бастау алғалы, ауқымды экологиялық өзгерістердің ошағына айналып отырғанымыз шындық. Дәлірек айтқанда, аумақты тазалау, саябақты, ормандарды, су қоймаларын, көл жағалауларын күл‑қоқыстан жүйелі тазалап, ағаштар, бұталар отырғызу, жасыл аймақтарды құрып, көгаландырудамыз. Осының нәтижесінде экологиялық мәдениетті қалыптастырудамыз.
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар салаларға тоқталып өткен болатын.
Соның ішінде Президент өзінің тікелей бастамасымен іске асып жатқан – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің мән‑маңызына ерекше тоқталып өтті.
Таза Қазақстан – ластанған аумақтарды қалдықтардан тазарту. Оның ішінде экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған акция екені бесенеден белгілі ғой бәрімізге.
Бүгінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық экочеленджге айналып отырған жайы да бар.
Мұнан бөлек өлкемізде де жалпы ұлттық экологиялық акцияны өткізу арқылы табиғат анаға деген шексіз махаббатпен қоқыс тастау мәдениеті қалыптасты десек артық айтпаймыз.
Бүгінде мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар, жастар, тіпті мектеп оқушыларының өзі де экологиялық акцияға қатысу белсенділігін күн санап артқызып, өздеріне тиісті аймақтарды қоқыс қалдығынан тазартуда.
Осы орайда 5-ші маусым күні Халықаралық экология күніне орай «Облыстық жас туристер станциясы» КММ‑ не қарасты Сайрам аудандық бөлімінің үйірмешілері мен жетекшілері Сайрам ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, «Таза жағалаулар» республикалық эко‑ челленджін өткізді.
Эко‑ челленджнің мақсаты – су қоймаларын тазалау және санитарлық тәртіпті сақтау, сондай – ақ қоршаған ортаға қамқорлық танытуды дәріптеу. Онан бөлек, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты аялауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын қалыптастыруға бірден – бір септігі мол.
Жаңашылдыққа бастайтын «Таза жағалаулар» акциясы – «Таза Қазақстан» науқаны аясындағы маңызды бастамалардың бірегейі. Ол респубоикамыздың су ресурстарын сақтауға бағытталған.
«Таза жағалаулар» республикалық экочелленджнін «Облыстық жас туристер станциясы» КММ‑ не қарасты Сайрам аудандық бөлімі Түлкібас аудандық бөліміне жолдады.
Өз кезегінде Түлкібас аудандық бөлімінің үйірмешілері мен жетекшілері және Түлкібас ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Сайрам ауданындағы әріптестері жолдаған экочелленджіні қабыл алып, «Таза жағалаулар» акциясын әрі қарай жалғастыру мақсатында, өздеріне тиесілі аумақты тазалады.
Қазақстың «атадан мал қалғанша тал қалсын» ‑ деген аталы сөзі аталмыш акциямен үндесіп жатқандай. Үздіксіз түрде өтіп отырған акцияның, туған жерді аялап, күтіп ұстауға баулыйтыны сөзсіз.