Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты тағылымды мерекелік шара өтті. Шараға тыл ардагерлері, Ұлттық ұланның жауынгерлері мен мектеп оқушылары қатысты деп, хабарлаған «Оңтүстік –ақпарат».
Ұлттық ұлан сарбаздары ардагерлерді құрметпен қарсы алып, олардың ерлігіне тағзым етті. Мектеп оқушылары майдан даласында ерлік көрсеткен батыр қызымыз Мәншүк Мәметованың өмірінен көрініс қойып, көрермендердің жүрегіне патриоттық рух ұялатты.
Салтанатты жиында 6698 әскери бөлімінің командирі подполковник Нұрлан Сакибеков пен 6506 әскери бөлімінің оркестр жетекшісі бірлескен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Аманат» партиясының алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік шара әсерлі концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл шара – ерлікке тағзым мен жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болды.