Aimaqnews.kz сайты мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым. Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.
Мекенжай: Шымкент қаласы. Email: info@aimaqnews.kz Тел: +7 702 457 9651
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылдық округінде жаңа білім беру нысаны салынуда деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
600 орындық білім ошағының құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде құрылыс алаңында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жобаның тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Мектеп заманауи стандарттарға сай салынып, оқушылар мен ұстаздарға жайлы әрі қауіпсіз білім ордасы болмақ.
Аудан әкімі Арман Сәбитов нысан алаңына арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Аудан басшысы жауаптыларға мектептің құрылыс жұмысы сапалы әрі мерзімінде аяқталып, инженерлік инфрақұрылымдардың толық жүргізілуін міндеттеді.
Аталған мектепте кең әрі жарық сынып бөлмелері, жаңа технологиямен жабдықталған пән кабинеттері, спорт және акт залы, ІТ сынып, кітапхана, медициналық кабинет және асхана мен қауіпсіздік жүйелері де толық қарастырылады.