Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданымызда көктемгі ағаш егу жұмыстары барлық ауыл округтерінде тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл шаралар ауданымыздағы жасыл желектердің санын көбейтуге, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ауданымызда көгалдандыру жұмыстарының аясында әр ауылда ағаштар отырғызылып, саябақтар мен жасыл алқаптардың көлемі кеңейтілуде. Бұл іс-шаралар ауданымыздың көркеюіне ерекше серпін беріп, жергілікті тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға көмектеседі.
Аталмыш игі шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлімдер, мекеме қызметкерлері мен жастар өкілдері көктемгі тал егу жұмыстарына белсенді қатысты. Бұл бастамалар ауданымыздың таза, жасыл желекке және экологиялық тұрғыда жайлы ортаға айналуына өз септігін тигізеді.