Жері де, елі де, адамдары да шырайлы, қонақжай Оңтүстік өңірі, бүгінгі күнгі Түркістан Облысы Сайрам Ауданында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз әлі тойлануда.
Кешегі күн нұр жауып, жер анаға нәр, адам баласына сән берген күн болса, ал бүгін Қайнарбұлақ Ауылдық Округіне қарасты Қасымбек Датқа, Шіркін, Құрлық ауылдарында Наурыз тойланды. Әр ауылдың мектеп бітірген түлектері жиылып, солардың ұйымдастыруымен Наурыз үш ауылда да керемет тойланды. Қар үй тігіліп, түрлі спорттық ойындар, балалар үшін батут ойындары қосылып, дәлірек айтқанда үш ауылда да осындай көріністер орын алды.
Айта кетерлігі Құрлық ауылының белсенді, жанашыр азаматтары Талап, Бауыржан Кулжабаев сияқты азаматтар иығыма ақ орамал жапты. Ауыл әкімі мен ақсақалдарға, меценат көкеміз Сикымбай Сагындыковқа “Орамал тон болмайды, жол боладының” сәнімен шапан кигізді. Бүгінгі ауыл адамдарының құрметіне риза болдым❤️. Осылай сыйымыз бен құрметпен елге қызмет жасай берейік.
Ауыл әкімі Есбол Дүйсебаев досым әрі бауырымның жасап жүрген тірлігі берекелі бола берсін. Ақжарқын мінезі мен азаматқа тән ісімен, елдің ризашылығын алуда👏👏👏. Есбол досым, сенің шапаның, менің ақ орамалым құтты болсын🤗!
Ал, халқым Наурыз құтты болсын!