А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына кіру ақысы тарифтік мөлшердің өзгеруіне орай, 2025 жылдың 1-сәуірінен бастап 100 теңге болып бекітілді, 3-сәуірден бастап қолданысқа енеді деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Зейнеткерлерге мүгедектігі бар адамдарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға («Алтын алқа», «Күміс алқа” иегерлері) , мектеп жасындағы балаларға кіру тегін.
Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, саябаққа кіру уақытын таңғы 05:00 ден түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзарту бойынша шешім қабылданды. Кіру ақысы таңғы сағат 05:00 ден 07:00 ге дейін және 23:00 ден 01:00 ге дейін тегін.
А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген уақыт бойынша жұмыс істейтін болады.