✔️Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте жетекшілік ететін салаларының жұмысы сараланып, тапсырмалардың орындалуы тексерілді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
✔️Мәжіліс барысында шаруалар көтеріп жүрген өзекті мәселелердің заң аясында шешімін тапқандары зерделеніп, бақылаудан алынса, мамандармен аудандарда өткен кездесу барысында түскен жаңа ұсыныстар мен өтініштер тапсырма-жоспарға енгізіліп, қадағалауға алынды.
✔️Облыс әкімінің орынбасары шағын және орта бизнесті дамыту үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндіру-ақпараттандыру жұмысы әлі де өз деңгейінде емес екенін айтып, жауаптыларға ескерту жасады.
✔️Күн тәртібіндегі кезекті мәселе – жаңадан құрылатын индустриалды аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша әзірленген жобалау-сметалық құжаттардың рәсімделу сатысы қаралып, ұсынылатын инвестициялық жобалар зерделенді. Сондай-ақ «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесінің есебі тыңдалды.
✔️Аса қауіпті зиянды жәндіктерге (Марокко шегірткесі) қарсы жүргізілетін іс-шаралардың атқарылу барысы да талқыға түсіп, аудандарға жүргізілген бақылау нәтижесімен бірқатар қосымша тапсырмалар берілді.