Наурызнама онкүндігі аясында, бүгінгі “Тазару күні” Қазығұрт ауданында “Тәртіп — тазалықтан басталады” атты жалпыхалықтық сенбілікпен басталды деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазығұрт ауданында экологиялық тәртіпті қалыптастыру, тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру, әрі әрбір азаматтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту.
Аталмыш сенбілікке мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, тазалық жұмыстары барлық ауыл округтерінде жүргізілді. Сенбілік барысында елді мекендердің кіреберісі мен ішкі көшелердегі қыстан қалған қоқыстар техникалардың көмегімен арнайы орындарға шығарылды. Көше бойындағы ағаштардың қураған бұтақтары қырқылып, түптерін қопсыту, ақтау жұмыстары, сондай-ақ қоршаулар сырланып, жол бойындағы қасбеттерге жөндеу жұмыстары жасалды.
Тазалық жұмыстары жүргізілген аумақтарды аудан әкімі Азизхан Исмаилов аралап шығып, алдағы уақытта да барлық ауыл округтерінде “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік жұмыстарын жоспарға сай тұрақты түрде ұйымдастыруды тапсырды. Тазалыққа жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тазалыққа басты назар аударуды, әрдайым бақылауда ұстауды жүктеді.