Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның былтыр атқарған қызметінің қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады:
✔️ 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құраған.
✔️ Компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар. Биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың арасында:
▪️«Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі;
▪️Алматы айналма теміржолын салу,
▪️Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар бар.
✔️ Кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған.
✔️ Офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.
Президент:
📌 «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін;
📌 ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беру қажеттігін атап өтті.