Бүгін ауданымызда мал шаруашылығын дамыту мақсатында ірі қара малды қолмен ұрықтандыру әдісі таныстырылды деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Шараға аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық иелері мен аудан тұрғындары қатысты. Ірі қара малдың асылдандыру әдістері жайында мағлұматтар беріліп, мал шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды. Бұл бастама ауданымызда мал өнімділігін арттыруға септігін тигізеді деп күтілуде.
Байдібек ауданы бойынша жұртшылықтағы ІҚМ қолмен ұрықтандыру тәсілі арқылы асылдандыру жұмыстарын жүргізу туралы жоспары бекітілді. Іс-шараның басты мақсаты жұртшылық қолындағы ІҚМ сүтті бағыт (сиырлардың сүттілігін және сүттің майлылығын арттыру) бойынша дамыту.