✅ Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиында салық түсімдерін ұлғайту мәселесі талқыланып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Қоғамдық саяси ахуал тұрақтылығын бақылау бойынша атқарылған жұмыстар талқыға алынды.
🔹 Күн тәртібіндегі мәселелер негізінде сала басшылары баяндама жасады. 2024 жылдың қорытындысымен жергілікті бюджетке 8 104 млн теңге салық түссе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8526 млн теңгені құрайды деп күтілуде.
📌 Аудандағы егістік көлемі 64 966 га аумақты құрайды. Шаруаларды минералды тыңайтқыштармен, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмыстары толығымен орындалуда. Өткен аптада “Аграрлық Несие Корпорациясы” АҚ өкілдерінің қатысуымен ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне “Кең дала 2” бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті несие алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📌 Қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығы басты назарда болуы тиіс. Қоғамдық ахуал тұрақты болса, экономика дамып, әлеуметтік мәселелер шешіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімінің назарында.
📌 Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелердің іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.