
Тұрғын алаптары мен шағын аудандарды кезең-кезеңімен газдандыру аясында 1250-ден астам абонент табиғи газға қол жеткізді.
Бұл бағыттағы жұмыстар 5000-нан астам адамның өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй алаптарында газ құбырларының құрылысы өткен жылдың көктемінде басталып, олардың жалпы ұзындығы шамамен 40 шақырымды құрады.
Мегаполис басшысы қала тұрғындарының қуанышына ортақтасып, жауаптыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ күнделікті өмірде табиғи газды пайдалану ережелерін сақтау және газ жабдықтарының жай-күйін уақтылы тексеру қажеттігіне тоқталды.
