🔹Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округінің тұрғындары 100 ден асқан қазыналы қарияларымызды аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов мерейлі мерекелерімен құттықтады деп, хабарлаған ©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
🔹- Ұрпағыңыз үмітіңізді ақтап, мерейіңізді өсірер мақтанышыңызға айналсын. Алланың берген жасын мазмұнды да мағыналы өткізуге, немере, шөбереңіздің қызығын көре беруіңізге тілектеспін. Жанұяңызға құт береке, деніңізге саулық тілеймін, деді құтықтау сөзінде аудан әкімі.
🔹Қаңтар айының алғашқы күні дүниеге келген Құралай Оразбаева 105 жасқа толса, 15 қаңтар күні Пернекүл Бектемірова 101 жасқа толып, ғасыр құрдасы атанды.
Жастық шақтарын тыл даласын тыңайтуға арнаған әжелер туған күндерімен арнайы құттықтап келген аудан басшысы Еркеғали Амантайұлына алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Өмірдің ащысын, тұщысын да көрген әжелер соғыс жылдарында ауылда қара жұмысқа жегіліп, ауыр азапты ерлермен тең бөліскенімен, бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты аналар.
🔹Құралай Оразбаева әже 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген. Үлкен ұлы 78 де, кішісі 60 жаста. 70 жасқа дейін Сакен Сейфуллин атындағы колхозда жұмыс істеп, 30 немере, 31 шөбере, 4 шөпшек сүйген әже.
🔹Пернекүл Бектемірова әже 1 ұл,2 қыз, тәрбиелеп, ұрпақтарын өрбітіп, бүгінде 7 немере 27 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр. Әженің ұлы Есентай Тойбеков 77-ға толса, қызы Оразкүл Тастемірова 75-ке шыққан.
Жалпы Төлеби ауданының аумағында жүз жасқа жеткен және жүзден асқан 10 ға жуық қария бар.