🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қала әкімі мен басқарма басшылары 280-нен астам тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды.
🔷 Қабылдау барысында негізінен, тұрғын үй, жер, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек, сондай-ақ қаланы абаттандыру, жол жөндеу және күтіп ұстау мәселелері пысықталды. Мегаполистің дамуын қолдайтын белсенді азаматтар жайлы ортаны дамыту бағытындағы бастамаларын да ортаға салды.
🔷 Сала басшыларына азаматтардың барлық өтінішін заң аясында қарастырып, оңтайлы шешім шығару бойынша мерзім бекітілді.