Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен ауданда 14 тен 35-ке дейінгі жастарды ағылшын тіліне үйретуге арналған курстар іске қосылуда деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда аудан әкімдігі ғимаратында 23 жас мемлекеттік қызметші ағылшын тілінен дәріс алуда.
Аудан жастары арасында көптілдікті меңгеруге бағытталған оқу курсы аптасына 2 рет 2 ай көлемінде өтеді.
Ауданның тұмса табиғатын шетелдік туристтерге дәріптеп, тарихы жөнінде баяндауға жастарды үйретуге арналған оқу курсы аудандық «Жастар ресурстық орталығында» жыл көлемінде жалғасын табады деп жоспарлануда.
Жасы 14 тен 35 ке дейінгі жастарды Жастар ресурстық орталығы арқылы тегін ағылшын тілінен тәлім алып, үйренуге шақырамыз!