Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Жақсы адам-2024» сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Үздіктер қатарында Түркістан облысының да өрені бар. Биыл арнайы сыйлықпен Созақ ауданының тұрғыны, саналы ғұмырын ауыл медицинасына арнаған абзал жан Бүркіт Арынбеков марапатталды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Көптің ыстық ықыласына бөленген дәрігер Созақ ауданы, Құмкент ауылының тумасы. Ол ғұмырының 58 жылын медицинаға арнап келеді. Осы аралықта жалпы саны 10 мыңнан аса ота жасаған. Хирург Бүркіт Арынбеков дәрігерлік жолында шалғай ауылдағы бөлімшелік ауруханада күрделі ота жасап, науқасты аман алып қалған. Сондай-ақ босану кезінде ана мен бала өміріне қауіп төніп, екеуінің де жанын ажалдан арашалаған. Бүгінде тәжірибелі ардагер білгенін Созақ аудандық орталық ауруханасындағы жас мамандарға үйретіп, оталарға бірге кіріп, тәжірибе бөлісіп жүр.
Айта кетейік, ҚР Президентінің Телерадиокешені, «Jibek joly» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі шара биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
_____
ТУРКИСТАНСКИЙ ВРАЧ ПОЛУЧИЛ НАГРАДУ «ЖАҚСЫ АДАМ-2024»
Церемония вручения награды «Жақсы адам-2024» состоялась в столице, в Дворце мира и согласия. Среди награжденных был и представитель Туркестанской области. Специальной награды удостоен Бүркіт Арынбеков, житель Сузака, который посвятил свою жизнь сельской медицине.
Доктор, завоевавший симпатию многих людей, родом из села Құмкент в Созакском районе. Он посвятил 58 лет своей жизни медицине, за этот период провел более 10 000 операций. Хирург Бүркіт Арынбеков спас жизнь пациенту, проведя сложную операцию в отдаленной больнице. Также он спас жизнь матери и ребенка, когда их жизни находились под угрозой во время родов. Сегодня опытный ветеран делится своими знаниями с молодыми специалистами в центральной больнице Сузацкого района, участвует в операциях и передает свой опыт.
Стоит отметить, что традиционное мероприятие, организованное Телерадиокомплексом Президента РК и телеканалом «Jibek Joly», проводится в третий раз.
Пресс-служба акимата Туркестанской области