ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінде де атап өтілді.
Іс-шара ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған адамдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталып, әскери қызметкерлерге Тәуелсіздік күні туралы слайдтық сұрақтар қойылды. Дұрыс жауабын тапқандарға Қазақстан шоколадтары сыйға тартылды.
Әскери қызметкерлерден құралған үш топпен Қазақстан Республикасының картасын уақытқа құрастыру сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар департамент жеке құрамына Тәуелсіздік туралы кітап көрмесі де ұйымдастырылды.