Дәл солай, бүгінгі күні Африкада немесе тропикалық аймақтарда жүрмін деп таңқалдыруға әбден болады😊. Қалай дейсіз ғой, онда Түркістан облысы Сайрам Ауданы Қайнарбұлақ Ауылдық Округіне қарасты Таскешу ауылында банан өсірілетін жылыжайы ашылды.
Түріктің Gen group Qazaqstan компаниясы банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салған. Мұнда Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсіріледі.
Компания өкілдерінің айтуынша алдағы уақытта қосымша жылыжайлар салынып, экзотикалық жемістердің басқа да түрлерін өсіру жоспарланған және
жылыжай жақын арада тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған, бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа райында да толық ашуға мүмкіндік береді екен.
Міне керемет👍бала кезімізде таңсық болған банандардың нарықтағы бағасы да төмендер деген үміт басым👌👋.