Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов жеке қабылдау кестесіне сай тұрғындармен кездесті. Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Ашық пікір алмасу өтіп, күрделі түйткілдердің түйіні тарқатылды.
Жеке қабылдауға келгендер тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтарын қойып, елді мекенде электр бағаналарын ауыстыруды өтініп, ауыз су, газ, түнгі жарық мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, автомобиль жолдарын жөндеу, жер телімін бөлу, жалдамалы пәтерге берілетін субсидия, су электр станциясының құрылысы, 1 мөлтек аудандағы көпқабатты тұрғын үйде туындаған мәселені көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімі тұрғындардың әрбір өтініші ескерусіз әрі жауапсыз қалмауы қажеттігін ескертіп, жауапты мамандар мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Барлық мәселе заң шеңберінде қаралатынын түсіндіріп, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып шешілетінін жеткізді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі