Түркістанда бүгінде көптеген ғимараттар бой көтеріп, қала көркін аша түсті. Осыған сәйкес құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткізілген мәжілісте сәулеттік жобалар таныстырылды. Өңір басшысы жаңа жобалардың барлығын өзінің бақылауында ұстайтынын жеткізді. Сонымен қатар әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс деді. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың қасбеттері мен қоршауларына және бояу түсіне баса мән беруді, бірізді етуді тапсырды.
Жиын барысында бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Оның қатарында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елді мекеніне орналасатын жобалар, Арыстанбаб кесенесі және Отырар қалашығы маңын дамыту жобасы , Түркістан қаласының аумағына салынаты жобалар талқыланды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі